12 C
Алматы
Сейсенбі, 16 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Арыстанбек Мұхамедиұлы: Пантеонға жерленер едім

    Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы  «қария» сөзінің қолданылуы қате деген пікір білдірді. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Бағдарлама тілшісі: «Өмір жасыңыз ұзақ болсын! Жүз жасаңыз! Бір-екі сұрағым қалды…», – дегені сол, оның сөзін бөліп:

    «Жүз жас дегенді құптамаймын. Мен өз басым «қария», «шал», «ақсақал» дегенге өте қарсымын. Мысалы, ақсақал деп сексен жастағыны айтады. Әбдіжәміл Нұрпейісов 95-ке келгендігін тойлап жатыр. Неге оны қария деп кемсітеді? Ел ағасы, абыз деп неге айтпайды? Әлі күнге дейін шығармасын жазады, бізге тапсырмасын береді. Абыз деп айтсын», – дейді Мұхамедиұлы.

    Сондай-ақ, бағдарлама тілшісі одан: «Жалпы, сіз абыз болғанда, Астанадағы Пантеонға, Алматыдағы Кеңсайға, әлде, Түркістан қаласында жерленер ме едіңіз?», – деп сұрады.

    «Мен айтайын, Пантеон міндетті түрде керек. Пантеонға жерленер едім», – деді Мұхамедиұлы.

    қатысты посттар

    “Сіздің жалақыңыздан 1% ұсталады”: Вirgemiz қоры смс-хабарламаға түсініктеме берді

    Фариза

    «Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

    Фариза

    Қытай азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілді

    Пікір қалдыру

    nineteen + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.