18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Айына 5 мың теңге” Жастарға мыңнан аса жалдамалы пәтер берілмек

    Жалдамалы пәтерге өтінімді 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бере алады. Өтінімдер 5 қарашадан бастап 10 қарашаға дейін қабылданады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Пәтердің ай сайынғы төлемі үйдің жалпы ауданының көлеміне байланысты 5 мыңнан 15 мың теңге аралығында болады.

    Өтінімдер қарашаның 5 мен 10 аралығында қабылданады. Іріктеуден өткен жастардың тізімі 2019 жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірлмей жарияланады. Сондай-ақ жалдамалы пәтерге іліккен жастар биыл жыл соңына дейін қоныс тойын тойлайтын болады. 2019 жылы барлығы 1050 пәтер беріледі.

    Жалға берілетін тұрғын үйге Нұр-Сұлтанда кемінде екі жыл тұрақты тіркелген, жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын, жылжымайтын мүлкі жоқ жастарға беріледі. Егер тізім бойынша қандай да бір құжаттар жетпесе немесе тұрғын үй қорында үміткерлерге қандай да бір сұрақтар туындаса, өтініш берушіге бұл кемшіліктерді жою үшін бір күн беріледі.

    Қажетті құжаттар:

    – нысан бойынша өтініш (Smart Astana порталында бар)

    – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері

    – білімі туралы құжаттардың көшірмелері – неке қию туралы куәліктің көшірмесі (егер жұбайы/зайыбы бар болса)

    – балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (егер бар болса)

    – өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы анықтама

    – жұмыстан анықтама

    – соңғы 6 ай ішіндегі табысы туралы

    – еңбек өтілін растайтын құжаттар-банктік шоттың болуы туралы анықтама және ақша қаражатының қозғалысы туралы анықтама

    – әр түрлі салалардағы жетістіктерді растайтын құжаттар (грамоталар, медальдар, сертификаттар, алғыс хаттар және т. б.))

     

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова мұнай-газ саласы қызметкерлерімен кездесті

    Фариза

    Жаңатастағы бес баланың өлімі. Аудан әкімі қызметінен босатылды

    Фариза

    Қызылорда облысынан 47 мың тонна ауыл шаруашылығы тауары экспортталған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.