22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    “Сәтті жекпе-жек болмады” – WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасады

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) сайтында қазақстандық Қанат Ислам мен намибиялық Уолтер Каутондоквамен өткен жекпе-жек бойынша есеп ұсынды, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    “Каутондокваның күш-жігері мен төзімділігі төрешілердің оның пайдасына шешім шығаруға жетіңкіремеді. Ислам бірауыздан жеңіске жетті. Осылайша, рекордсы 27-0 (21 КО)көрсеткішіне жеткен қазақстандық боксшы WBO рейтингінде 8-орында келеді. Енді бұл тізімде одан да жоғары көтерілер. Бұл Қанат үшін ең сәтті жекпе-жек болмаса да, ол жеңіп, төрешілердің өз пайдасына шешім шығаруына барын салды”, – деп жазады WBO.

    Боксшылар арасындағы кездесу 26 қазанда Алматыда өткен болатын, судьялардың шешімі бойынша қазақстандық боксшы чемпиондық атағын қорғап қалған еді.

    Кейінірек Қанат Исламның жекпе-жектің жартысынан бастап сынған қолмен жұдырықтасқаны жайлы айтылды. Боксшының командасының өкілдері жетінші раундтан бастап Қанат Ислам шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқан дейді. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшының қолына гипс салған екен.

    қатысты посттар

    Интернетке тәуелділіктен құтыл да, арманыңа қол жеткіз! Біз үшін әр баланың болашағы маңызды

    Фариза

    21 жастағы Бекзат бокстан әлем чемпионы атанды (видео)

    Өзбекстаннан Қазақстанға жүзіп келген азамат ұсталды

    Денис

    Пікір қалдыру

    fourteen − 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.