16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Қанат Ислам намибиялық Каутондокваны жеңді

    Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында кәсіби бокс кеші өтті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Prosports.kz порталына сілтеме жасап.

    Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам (26-0, 21 КО) мен Намибиядан келген Вальтер Каутондоква (18-1, 17 КО) рингке шықты. Исламға тиесілі орта салмақтағы WBO халықаралық чемпионының белбеуі сарапқа салынды. Төрешілердің шешімімен Қанат жеңіп, өз атағын сәтті қорғады. Сонымен қатар, бесінші раундта африкалық нокдаунға түсті.

    Үш төреші де жеңісті Қанатқа берді – 97-92, 97-92, 98-92.

    Қанат Ислам үшін бұл жеңіс өзінің кәсіби мансабындағы 27-ші жеңісі болды. Вальтер Каутондоква мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

    Еске сала кетейік, былтыр намибиялық боксшы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионының белбеуі үшін америкалық Деметриус Андрадемен (28-0, 17 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіліп қалған еді.

    қатысты посттар

    “Сәтті жекпе-жек болмады” – WBO ұйымы Қанат Ислам мен Каутондокваның жекпе-жегі бойынша мәлімдеме жасады

    Головкин-Роллс жекпе-жегінің уақыты анықталды

    “300 миллион еуро кімге бұйырмақ?” Криштиану Роналду мұралық құжат толтырды

    Фариза

    1 пікір

    Александра 08/12/2019 at 23:37

    Заказ звонка

    Жауап беру

    Пікір қалдыру

    two × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.