16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Күніне 100 тонна мұнай Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз тасымалданған

    Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызметі Қазақстаннан Қырғызстанға мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топты анықтады деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Шамамен үш шақырымға созылатын жерге көмілген құбыр күніне 100 тонна мұнай өнімін Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз тасымалдаған. Жасырын құбыр Қырғызстанның Шу облысынан табылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    “Қазіргі кезде нақты шығын көлемі, қылмыстық топ жетекшілері мен оған қатысы бар мемлекеттік орган өкілдері анықталып жатыр” делінген Қырғызстанның экономикалық қылмыспен күрес жөніндегі мемлекеттік қызмет таратқан хабарламада.

    Ведомство дерегінше, заңсыз өнімдерді сақтаған қойма да анықталған.

    қатысты посттар

    Алматыда коронавирустан қайтыс болғандар зиратында жерленген мәйіттер саны ресми деректен үш есе көп

    Фариза

    Конор Хабибтің әйеліне тіл тигізді

    “Оның бәрі заңсыз әрекет екен…” – митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Пікір қалдыру

    4 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.