11 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Дін

    Тазабеков мектептерде дәріс оқуға тиым салған Білім министріне жауап берді

    Бүгін Мәжілісте Білім және ғылым министрі  білім ордаларында ешкімнің уағыз айтуға болмайтынын шегелеп айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Осы жерде Асхат Аймағамбетов  соңғы уақытта өзін «психология ғылымдарының кандидаты» деп таныстырып жүрген Мұхамеджан Тазабектің Ақтөбе облысы, Шалқар қаласындағы №8 мектептегі кездесуіне тыйым салынғанын мысал ретінде келтірген. Осы мәлімдемеден соң лекциялары сынға ұшыраған Тазабектің пікірін білген едік:

    «Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында Мәдениет үйі жөндеуде болған соң әкімдік жанындағы жастар ұйымы мектепте өткіземіз деп шешкен. Соңында білім ошағында ештеңе өткен жоқ. Ақыры мәдениет үйінде ұйымдастырылды.  Кездесуде оқушы мен мұғалім көргенім жоқ. Көбі –  аудан ақсақалдары, қала тұрғындары  мен  жастар. Діни насихат  болған жоқ. Керісінше,  жиналғандарға  діни ағымдардың жаман екенін айттым. Негізінен мен «Рухани жаңғыру» аясында ұлттық тәрбие, патриотизм, ұстаздар мен  ата-ананы құрметтеу жайында көбірек айтамын. Ара-тұра университеттерге де  шақыратынын жасырмаймын. Бірақ онда ата-ана, ақын ретінде барамын», – дейді Мұхамеджан Тазабек.

    Ал лекция оқуға гонорар төлей ме деген тілші сұрағына Тазабек: «Жолақысын кейде төлейді,кейде төлемейді» деп жауап берді.

    «Енді шапан жауып жатады. Оның үстіне ұйымдастырушыларға менің достарым, жергілікті кәсіпкерлер көмектесетін секілді. Өйткені, мені солар шығарып салып жатады. Ал былай қаржы туралы көп әңгіме болмайды», – дейді М.Тазабек.

    қатысты посттар

    Полиция қызметкері қандай жағдайда адамға оқ ата алады?

    Фариза

    Бұл мәселені бірінші кезекке қоюдың еш қажеті жоқ – Павлодардың жаңа әкімі қала атауына байланысты

    Путин биліктен кетуге дайындалып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.