16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Шизофрения, аутизм, эпилепсия…” Алматыдағы ерекше жандар қызмет ететін дәмхана

    Шизофрения, аутизм, эпилепсия секілді психикалық дертке шалдыққандар алдыңызға ас әкеліп, асты-үстіңізге түсіп жатса, қандай сезімде боласыз? Елімізде осындай сыртқан шалдыққан жандар қызмет көрсететін кафе бар. Бұл жайында Qazweek.kz сайты Stan.kz порталының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Бұл клиент тарттырып, кәсіпті домалатудың тәсілі емес, тек еңбек етемін деген “ерекше” жандарға жасалған қолғабыс, дейді дәмхана қожайыны.

    Психикалық ауытқуы бар, немесе ментальді ауытқуы бар ерекше жандар ғана жұмыс жасайтын дәмхана туралы естіп пе едіңіз?

    Дәмханаға кіргенде мұндағы қызметкерлердің ақыл-ойында кемістігі бар деп ойламайсыз. Бәрінің он екі мүшесі сау, тек психикаларында кінәрат бар. Ал, осындай жандарға арнап кәсіп ашқан азамат бұл тың идея емес дейді. Көптеген мемлекеттерде бар жоба екен. Еліміздегі «ерекше» кафе алғаш рет Алматыда ашылыпты.

    “Ол жай адамдарға шанс берсең: сен жұмыс істей аласың, сен осылай жасап үйренесің десең, үш-төрт айдың ішінде ешнәрсе істемейтін бала бәрін жууды үйренеді, өз-өзіне көмектесуді үйренеді. Анасына көмектеседі”, – деді дәмхана директоры Мәулен Ахметов.

    Дәмханада 26 адам жұмыс істейді. Диагноздары да әртүрлі: шизофрения, аутизм, эпилепсия, клиникалық күйзеліс, ақыл-ой кемістігі. Дәмхана директоры адамдардың көбі кішкентай балаларға ғана көмектесіп, денсаулығында ақауы бар үлкендерге көңіл бөлмейді дейді.

    “Бір рет бізге бір адам келген, жасы қырықта. Ол кісіде ДЦП болған. Өзі әзер-әзер жүріп, бірақ тауып алыпты. Енді ол өзі келіп тұрса: мен жұмыс істегім келіп тұр деп, өмірімді өзім қолыма алғым келіп тұр десе, оған көмектесуге мүмкіндік болу керек. Сол біздің – мақсатымыз”, – деді дәмхана директоры.

    Психикалық денсаулық медицина орталығында есепте тұрған екінші топтағы мүгедек – Айман қоғаммен араласып, достар тауып, дәмханада жұмыс жасап жүргеніне дән риза.

    “Кішкене жұмыс істеп, кісілермен араласып көңілді бол деп ұсыныс жасады мамалар. Анам мен әкем бәрі қуанып кетті. “Менің қызым көпшіліктің қасында жұмыс істейді” деп”, деді ол.

    Университеттегі дәмханаға көбіне студенттер мен оқытушылар бас сұғады. “Оның себебі де жоқ емес” дейді келушілер.

    “Менің ойымша, бұл өте жақсы. Себебә, олар да біз секілді адамдар. Бір жағынан көзімізді ашады. Және ой-өрісіміз кеңейеді деп ойлаймын.

    “Жиі келіп тұрамын. … Қуанамын осындай әлуметтік кафе ашылғанына”.

    “Көңілімнен бәрі шығады. Иә, тағамдары да жақсы. Отырған кезде өзіңді жайлы сезінесің”.

    Мұндағы тренинг-менеджер  мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыстың қыр-сырын үйретудің қиыншылығы да бар дейді.

    “Қыз-жігіттердің талабы жақсы. Әрине, бәрін бірден игеріп кету мүмкін емес Өте көп уақыт қажет. Бізде эпилепсиясы бар қыздар да жұмыс істейді. Кейде құлап қалатын кездері болады. Бірақ қиыншылықты жеңіп келеміз”, – деді тренинг-менеджер Динара Бозжігітова.

    “Мұндай дәмхананың психикалық ауытқуы бар адамдарды оңалтуға пайдасы зор. Бұл жоба «ерекше» жандарды жұмыспен қамтып қана қоймай, олардың қоғамда өз орындарын табуына да ықпалын тигізеді” дейді маман.

    “Оларға психологиялық тұрғыда өзіңіз айтқандай көмек көрсетілетін болса, ол диагноз оған жабысып қалған жоқ. Ол диагнозды біраз уақыттан кейін, ол толыққанды өзін әлеуметтік ортада толық сезіне алатын болса, біраздан кейін ол тіпті өзі тіпті сол диагноздан айығып кетуі де мүмкін. Бұндай жағдайлар тіркелген. Ең бастысы, адамға қажетті бір сезім – менің басқаларға да пайдам бар екен дегненді сезіне білу”, – деді  психолог Серікгүл Сали.

    Мүмкіндігі шектеулі жандарды ақыл-ой кемістігі бар деп алшақтатпай, керісінше көпшіліктің қатарына қосу – ерлік. Осындай әлеуметтік жобалар көп болса, ерекше жандар шеттетілмей қоғамның толыққанды мүшесі болары анық.

    қатысты посттар

    Қазақстандықтар желтоқсан мен қаңтарда қалай демалады?

    Фариза

    Жүйелі жұмыс жүргізе алмаған бірқатар басшыларға қатаң ескерту жасалып, сөгіс жарияланды

    Фариза

    Алматыдағы атақты базар мемлекетке қайтарылады 

    Пікір қалдыру

    thirteen + seven =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.