14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Нұр-Сұлтанда бір күнде 3 бала терезеден құлап кетті

    Елордада бір күнде үш бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат- қа сілтеме жасап.

    “Сағат 11.32-де Байқоңыр ауданы Күлтөбе бұрылысындағы бес қабатты үйдің үшінші қабатының терезесінен үйде қараусыз қалған бала құлап кетті. 2017 жылы туған бала қазір ауруханада ауыр халде жатыр. Сол секілді сағат 12.39-да Сарыарқа ауданы Жеңіс көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы терезесінен 2015 жылы туған бала құлап, ауруханаға жеткізілді. Оның да жағдайы ауыр», – деп хабарлайды комитеттен.

    Сонымен бірге, сағат 16.01-де Алматы ауданы Мүсірепов көшесінде бесінші қабаттың терезесінен үйде қараусыз қалған қыз бала құлап кеткен. 6 жасар бала ауруханада ауыр халде жатыр.

    Төтенше жағдайлар комитеті мұндай қауіпті жағдайлар балалардың қараусыз қалуы салдарынан орын алатынын хабарлайды. Комитет ата-аналарды балаларын үйде жалғыз қалдырмауға шақырады.

    қатысты посттар

    Шымкентте кәмелет жасқа толмаған бойжеткенді зорлап, видеога түсіргендендерге сот үкімі шықты

    Фариза

    “Дәрігерлер есіме түсуі де, түспеуі де мүмкін деді” – Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиева

    Фариза

    Қытай түрмесінде жазықсыз жігіт өлім жазасына кесілген

    Пікір қалдыру

    2 + seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.