Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Медиа

    “Қазақтар ол жақта қатты қысымда…” – екі қандасымыз шекараны бұзып, Қытайдан қашып келді (видео)

    Қытайдың екі қазағы шекараны бұзып, Қазақстанға жан сауғалап келген. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Қазақстанға шекарадан қашып келген екі қазақ журналист Тоқтар Жақашқа сұхбат берді.

    “Шекарадан қашып өттік. Сымнан аттап өттік, шекараш ешкім болған жоқ. Бізді полиция, шекарашы ешкім көрген жоқ. Шелекке дейін жаяу келдік. Жан сауғалап өз еліміз, өз жеріміз деп келдік. Мақсатымыз Қазақстанда қалу, Қазақстан азаматын алу. Әкем қайтыс болған, шешем, әйел мен бала-шағам бар. Олардың барлығы Қытайда, ауылда қалды. Қазақтар ол жақта қатты қысымда, бір күн босатса, екінші күні қайда қамап тастайды”, – дейді Қазақстанға қашып келгеннің бірі Қастер Мұсақан.

    “Отбасымда әкем бар, шешем бар, жолдасым және ұлым бар, оның үстіне қарындасым бар. Қорлыққа шыдамай осында қашып келдім. Бізді ұрып-соғатындардың бәрі қытай. Туыстарыммен, бала-шағаммен ақылдасқан жоқпын. Қазағымда осындай жер бар деп, осында келдік. Қазақстанға бәрі де көшіп келгісі келеді, бірақ барлығы да қорқады. Қазақ елі бар деп келдім, Қытайға қайтарып жібермейді деп келдім. Мен бұл елге өзімді емес, отбасымды, сондағы қазақтарды қорғасын деп осында қашып келдім. Барлық үмітім Қазақстан үкіметінде”, – деп сөзін аяқтады Қазақстанға шекараны заңсыз бұзып өткен Мұрагер Әлімұлы.

     

    қатысты посттар

    Желідегі видео жұрттың жағасын ұстатты: Тәрбиеші балаларды ұрып-соғуда, ал күтушілер күліп тұр

    Қаратаулық ағайынның қуанышты күні (видео)

    “Кешірім сұраймын…” – Сайрагүл Сауытбай Вашингтоннан Қазақстанға сәлем жолдады (видео)

    Пікір қалдыру

    2 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.