12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Саясат

    “Дін саясатқа араласып отыр” ІІМ Тазабектің “полицейлерге уағыз жүргізу” фактісін тексеріп жатыр

    Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди министрлік “Асыл арна” телеарнасының директоры, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабектің “полицейлерге уағыз жүргізу” фактісін тексеріп жатыр деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Бұған дейін интернетте Тазабектің полицейлерге үлкен залда лекция оқып жатқаны туралы видео тарап, қоғамда қызу талқыланған. Видеода Тазабек “қоғам тыныштығы” жайлы сөз қозғап, полицейлердің заң бұзғандарды қатаң жазалауы сияқты шетел тәжірибесінен мысал да келтіреді.

    “Әрбір мемлекеттік органның ақпараттық жұмыс жүргізу жоспары болады. Олар сұхбат өткізуге лайықты деп тапқан қоғам қайраткерлерлерін шақырады. Ал нақты жағдайда қазір біз бұл кездесудің маңыздылығын, мазмұнын, форматын тексеріп жатырмыз. Баға бергеннен кейін шешім қабылдаймыз. Тексеру аяқталмайынша, түсініктеме бермеймін” деді Калайчиди бейсенбі күні сенат отырысынан кейін журналистерге.

    Әлеуметтік желіде қызу талқыланған видеодан кейін кейбір сарапшылар “дін саясатқа араласып отыр” деген қауіп айтқан. Кейбір әлеуметтік желі қолданушылары Тазабек “ел тыныштығын ойлап отыр” деп қолдаса, кейбірі “дінді саясат пен жағымпаздыққа араластыруға болмайды” деп айыптаған.

    Ал Мұхамеджан Тазабектің өзі Facebook-тағы парақшасында “лекция мазмұны бұрмаланғанын” айтып, мұны “кезекті жала” деп атады. Бұл даудан кейін де Қазақстанның кейбір мектептерінде “Тазабек лекциялары” өтетіні туралы хабарламалар тарады.

    Қазақстанда митингілер кезінде полицейлердің дөрекілік танытып, наразыларды күштеп әкету оқиғалары жиі кездеседі. Бұған дейін полиция наразылық кезінде кәмелетке толмаған балаларды да ұстаған. Бұл оқиғалар әлеуметтік желіде өткір сынға ұшыраған.

    қатысты посттар

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    “Ондаған адам қаза болды” Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

    Фариза

    “Біз құбыжық емеспіз…” ДЦП-ға шалдыққан қыз Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етті (видео)

    Пікір қалдыру

    17 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.