12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыда жантүршігерлік жол апаты болып, 6 адап зардап шекті (фото)

    Оқиға салдарынан алты адам зардап шекті. Екеуінің жағдайы ауыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputniknews.kz сайтының дерегіне сүйеніп.

    Алматыда “Рахат” базарына қарама-қарсы жерде ірі жол апаты болды.

    Куәгерлердің айтуынша, Lexus GS 300 пен Volkswagen Passat солтүстік айналма жолмен оңтүстік бағытқа қарай жүріп бара жатқан.

    В крупном ДТП пострадали шесть человек
    © SPUTNIK / СТРИНГЕР.
    Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті

     

    Lexus жүргізушісі рөлге ие бола алмай бетон қоршауға соғылды. Бұдан соң көлік бүйірімен жолдың қарсы бағытына шығып кетеді. Lexus солтүстік айналма жолмен солтүстікке қарай бет алған Volkswagen Polo көлігіне соқтығысады.

    Массовое ДТП
    © SPUTNIK / СТРИНГЕР.
    Оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеуде

     

    Апат салдарынан алты адам зардап шекті: Passat жүргізушісі, Volkswagen Polo жолаушысы мен жүргізушісі және Lexus-тың екі жолаушысы мен жүргізушісі. Екі адамның жағдайы ауыр.

    қатысты посттар

    Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап берді

    Фариза

    Қазақстандық жігіт өзінің отандасын Оңтүстік Кореяда 15 жерінен пышақтап кетті

    “Жала жауып отыр”: Өгей анадан қорлық көрді деген үш қыз ешкім күтпеген мәлімдеме жасады

    Пікір қалдыру

    one × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.