16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматы полиция департаменті балаларды ұрлау туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

    Әлеуметтік желіде Алматы қаласы және Алматы облысында бала ұрлығына қатысты ақпараттар таралуда. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Watsapp желісінде таралып жатқан аудио хабарламаларда Алматы қаласында екі әйел және екі ер адамнан құралған қылмыстық топ балалар мен жасөспірімдерді, тіпті, үлкен адамдардың өздерін ұрлап жатқандығы айтылады. Алайда, бұл аудио-хабарларды кімнің таратқаны белгісіз.

    Желіде таралған хабарламалардың бірінде аты-жөні белгісіз бір әйел Бауыржан деген баланың басынан өткерген бір жағдайды айтып, сақ болуға шақырады.

    «Дина, жаңа үйге Бауыржан келген еді. Кеше қара көлік мінген, бастарына капюшон киген біреулер Маринаның қызын ұрламақшы болған. 12 жастағы қыз соткамен қолынан ұрып, қашып құтылыпты. Енді, жаңа кешкі уақытта Бауыржан үйге келіп, көшеде велосипедтпен жүргенде столбының қасына бір көліктің келіп тоқтағанын айтты. Көліктегілер «Бауырым, бері келіп кетесің ба?» деп шақырыпты. «Үндемей қарап тұрдым, бір кезде өздері қасыма жаяу жүріп келді. Беттеріне фонарикті жақтым да, қашып кеттім. Көлікте үш адам отырған, менің артымнан машинамен қуалады. Біраз жерге дейін қуып келді» дейді. Дина, абай болыңдар! Масқара! Бауыржанның айтуынша, түрлері ұсқынсыз, жаман адамдар екен. Өздері – қазақ кісілер. Кеше қара көлікпен жүрген еді, бүгін енді қызыл түсті көлік мініп алыпты. Бауыржан көліктің нөмірін де есте сақтап үлгеріпті, «190» екен», – дейді хабарлама жіберген әйел кісі.

    Оның айтуынша, оқиға Шамалған ауылында болған. Өзінің сөзін жалғастырған әйел кісі, учаскелік полиция бөлімшесіне хабарласқанын айтып, ондағы қызметкерлердің бұл ақпаратты растағанын жеткізді.

    «Жаңа учаскелік полицияға хабарласқан едік «Иә, бізге приках келді. Қалада балалар ұрлығы болып жатыр» деп айтты. Тіпті, ересек адамдарды да ұрлап жатыр дейді, қазір біреу-екеу болып жүру қауіпті», – дейді хабарлама жіберуші.

    Адам ұрлығына қатысты таралған тек бір ғана аудио хабар емес. Мұндай ақпаратты қала тұрғындарының кейбірі де естіп үлгеріпті.

    «Қазір қалада екі әйел мен екі ер адам бала ұрлап жүр дейді. Мектепте оқитын қызым бар еді, сол үшін уайымдап отырмын, қазір көшеде жалғыз жүру қауіпті болып барады», – дейді тұрғындардың бірі.

    Watsapp желісінде таралған тағы бір аудио-хабарламада аты-жөні белгісіз ер адам мұндай ақпараттың расталғанын айтады. Оның айтуынша, қаланың ішінде 7 бала ұрлау фактісі тіркеліпті.

    «Назар аударыңыздар! Watsapp желісі жоқ жақындарыңызға да жеткізулеріңізді сұраймын. Алматы қаласының әр аумағында 6-7 кішкентай балаларды ұрлау фактісі тіркелді. Сұр түсті приора көлік мінген қылмыстық топ күдікке ілінді. Бірақ, оларда бұдан да басқа көліктер бар. Қылмыстық топ екі ер адам мен екі әйелде құралған. Баршаңызға абай болыңыздар деп ескертемін», – дейді ер адам өз хабарламасында.

    Qazweek.kz ақпарат агенттігінің тілшісі мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында Алматы қаласының полиция департаментіне хабарласып, ақпараттың рас-өтірігін сұраған еді. Алайда, полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екендігін айтады.

    “Алматы қаласының полиция департаменті әлеуметтік желерде таралған Алматы қаласы мен Алматы облысының әртүрлі аудандарындағы балаларды жаппай ұрлау туралы таратылған аудио-хабарламаның жалған екендігін ресми түрде мәлімдейді. Хабарламада көрсетілген мәліметтер фактілер шындыққа сәйкес келмейді, олардың бірде-біреуі расталмаған. Қазіргі уақытта Алматы полициясы халық арасында негізсіз дүрбелең тудыру мақсатында жалған ақпарат таратқан хабарламаның авторын анықтау бойынша жұмыстар атқаруда. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған”, – дейді Полиция департаменті.

    Назерке Лабихан

    қатысты посттар

    Хабиб Нұрмағамедов Макгрегор туралы: Ол қызғаншақ әйел сияқты

    СҚО-да шұңқырдан мектеп оқушысының денесі табылды

    Фариза

    Елордада «Астықжан» сауда орталығы өртенді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.