14 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Біртанов, орныңнан кет” Резиденттер денсаулық сақтау министрі орнынан кетуін талап етуде (ВИДЕО)

    Медициналық оқу орындарының резиденттері денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қарсы шықты. Олар министрің орнынан кетуін талап етуде. Қарсы пікір айтып, желіде видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі matritca.kz порталына сілтеме жасап.

    “Менің дәрігер болам деген үмітім сөнді. Мені өзім ақысын төлеп отырған резидентурадан қуып жатыр. Менің еркімсіз. Бұл заңға сай емес. Туыстарым маған дәрігер болудан бас тартуға кеңес беріп жатыр. Мен елімізде қателік жасаған дәрігерді түрмеге жабатынын білемін. Бірақ Біртанов орнынан кетсе, дәрігер болып, елімізде қызмет еткім келеді”, – деді резиденттің бірі.

    “Біртанов кетсе, менің дәрігер болатын жағдайым бар”, “Егер Біртанов кетсе, мен адамдарды құтқарар едім”, “Егер Біртанов кетсе, мен терапевт болып, сіздері емдеймін, “Егер Біртанов кетсе, мен балаларды емдеймін”, – дейді видео жолдаушылар.

    Желі қолданушылары көптеген пікір қалдырып, бұл жағдайға қолдау білдіруде.

    “Жастар әрқашан батыл. Оларды тыңдау керек”, “Бірауыздан қолдар едім, менің де айтарым осы”, “Көптеген резиденттер оқусыз, жұмыссыз қалды, бұны шешу керек”, – деп жазды олар.

    ҚР Денсаулық сақтау министрі Ержан Біртанов ОКҚ-да өткен брифингте медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне резидентураға түсудің жағдайын түсіндіріп, егер медициналық студенттер интернатурада ақылы оқыса, резидентураға ақы төлеуге құқылы. Егер олар грант бойынша білім алса, онда оны өтеу керек деген еді.

    қатысты посттар

    Қосанов: «Мен көшеге шыққанда маған еріп шығатын 10 мың адамның 100-ін бұл билік аямай, қырып салатын еді…» (видео)

    Дезинфекция жасаушылар есепке арналған “әдемі” суретке әлек болып жүргенде, Қазақстанды коронавирустың ошағына айналдырып жібермек

    Фариза

    Президент Масанчи ауылында болған жаппай төбелес туралы: Жағдай бақылауға алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.