16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Саясат

    “Зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі” Министр 1 қаңтардан бастап зейнетақы мөлшері қанша пайызға өсетінін айтты

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов елімізде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы мөлшері қаншаға өсетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

    Министрдің айтуынша, Қазақстанда орташа зейнетақы көлемі 86 мың, максималды мөлшері 117 мың теңге. «Елімізде зейнетақы төлеміне қатысты ешқандай мәселе жоқ. Ай сайын кесте бойынша беріліп жатыр. Бұл тұрақты жүйе. Зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен +2 пайызға артып келеді. Өткен жылы – 2018 жылдың ортасында базалық зейнетақы төлемі айтарлықтай өсті. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі жәрдемақылар да бар. Мәселен, бүгінгі біз құттықтаған Александр Торкин қатарлы соғыс ардагерлерінің зейнетақысына қосымша берілетін 40 мың теңгелік жәрдемақы бар», – деді Біржан Нұрымбетов ардагер Александр Торкиннің үйіне барып, құттықтағаннан кейін тілшілерге берген сұхбатында.

    Министрдің айтуына қарағанда, 2020 жылдың 1 қаңтарында да зейнетақы мөлшері міндетті түрде өседі. «Зейнетақы төлемі инфляцияның орташа деңгейінен +2 пайызға өседі. Зейнетақының минималды мөлшері – қазіргі таңда 36 мың теңге, базалық зейнетақымен қосқанда – 54 мың теңге», – деді ол. Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Қарттар күніне орай жасы жүзге келген елорда тұрғыны Александр Торкинді үйіне барып, құттықтап қайтқан болатын.

    қатысты посттар

    Тоқаев: Олардың алдында кешірім сұраймыз…

    Алматыда жазасын өтеушілердің камереларына теледидар қойылды

    Фариза

    Зайсанда шындығында не болған? Жергілікті әкімдік түсінік берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.