16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Егер қазақ тілі болмағанда, әлi де ағаш ұстасы болып жүрер ме едім…» – Максим Рожин

    «Президенттiң бұл алғысы – Арыс қаласы, М. Дулатов көшесiнде менімен бірге ойнап жүрген көршiлерiм Иман, Кадыр, Құрман, Ахмет, Қайрат, Нұрлыбек, Базарбек, Берік, Мақсат, Бахтияр, Бағдәулет, Бауыржан, Самат еншісінде. Мені қазақша сөйлеткен осы ауылдас достарым».

    Ақордада елге елеулі тіл жанашырлары Президенттiң алғыс хатымен марапатталды. Оның ішінде «мемлекеттік тіл – менің тілім» деп білетін өзге ұлт өкілдері арасынан озық шыққан белгілі журналист Максим Рожин де бар, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Skifnews.kz порталының дерегіне сұйеніп.

    «Биылғы жыл қазақ тiлi үшiн ерекше жыл болса, дәл осы себеппен мен үшін де ерекше болып тұр. Осыдан 30 жыл бұрын, алты жасар бала болып, Қаскелеңнен Арыс қаласына көшiп келіп, Дулатов көшесінде қазақ балалармен ойнап жүрiп, қазақ тiлін меңгеріп алдым. Биыл соның жемісі ретiнде ме, әлде, осы тiл мәселесiне етене жақын болған соң ба, Президенттiң алғыс хатына ие болдым. Өз басым алғаш рет осындай деңгейдегі құрметке ие болып тұрмын» деп жазды олfacebook парақшасында.

    Алайда, Максим Рожин әр азаматтың орындауға тиісті міндеті үшін алғыс алғанына ыңғайсызданып, ағынан жарылып отыр. Сонда да марапаттау барысында тілдің өркендеуіне үлес қосқан көптеген нарқасқаларды көріп қуанып қалғанын айтады. Ел президентінің тіл мәселесіне ерекше ден қойып отырғанына разы.

    «Өзiм туралы айтар болсам, қазақ тілінде сөйлеп жүргенімді жетістік санамайтын себебім, кейбiр өзге ұлт достарым секiлдi терлеп-тепшiп, кiтап арқылы қазақ тiлiн меңгермей, дала тілін үйренiп алдым. Барлығына бір ғана ауылдағы ортам, қазақ достарым себепкер болды. Олардың алдында басымды иемiн!

    Президенттiң бұл алғысы – Арыс қаласы, М. Дулатов көшесiнде менімен бірге ойнап жүрген көршiлерiм Иман, Кадыр, Құрман, Ахмет, Қайрат, Нұрлыбек, Базарбек, Берік, Мақсат, Бахтияр, Бағдәулет, Бауыржан, Самат еншісінде. Мені қазақша сөйлеткен осы ауылдас достарым. Барлығыңызға осындай орта бұйырсын!!!

    Ал тiл бiлгенiмнiң арқасында адам болғаным рас. Қазіргі қызықты әрі алуан түрлі оқиғаға толы өмірім басқаша өтер ме еді?.. Егер қазақ тілі болмағанда, сол 11 сыныптан кейін ағаш өңдейтін шеберханада жұмыс істеген мен, әлi де ағаш ұстасы болып жүрер ме едім, кім біледі!?» – дейді қазақтілді әріптесіміз.

    қатысты посттар

    Үй бағасы арзандауда

    Президент бірқатар адамға шен мен атақ берді

    Фариза

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 93 жоба қаржыландырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.