12 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Істемеген істі мойныңа ал деді” Қыз зорлауға байланысты ұсталған күдікті асылып өлді

    Жамбыл облысында Александр Минголимова күйеуінің өліміне полицейлерді кінәлап отыр. Айтуынша, «тәртіп сақшылары жарына жалған жала жауып, соққыға жығып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізген». Барлығы осыдан 6 ай бұрын басталған. Екі полицей үйіне баса-көктеп кіріп, күйеуінің қолын қайырып алып кеткен. Сондай-ақ, марқұмның әйелі сол кезде қыз зорлауға қатысты қылмыстық іс қозғалып, полицейлер кінәні мойынға алуға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.

    Күйеуінің артынан іздеп барып, онымен кездестіруді сұраған әйелді тәртіп сақшылары кіргізбей қоған. Осыдан кейін түнгі сағат 12-нің шамасында үйіне келген күйеуі тіс жармастан жатып қалады. Ертеңінде бәрі жақсы екенін айтып, уайымдамауын сұрап, әйелін шығарып салған. Алайда Александра бірнеше сағаттан соң суыт хабарды естігенін айтады.

    «Адамды сонша қорлауға бола ма? Істемеген қылмысты күштеп мойныңа ал деп, соққының астына алған. Соңғы хатында осылай деп жазған. Оқ өтпейтін кеудеше кигізіп, жуан таяқпен ұрып, қатты қорлық көрсеткен. Бетінде, қолында электрошокердің іздері қалып қойған», – дейді жұбайы Александра Минголимова.

    Қорғанынан айырылып, екі ұлымен жесір қалған келіншек жарының өліміне жазықтылар жазаланбайынша жай таппайтынын айтады. Оның сөзінше, сорақысы сол, медициналық сараптамада марқұмның денесіндегі жарақаттар туралы мәліметі жоқ. Содан әйелдің күдігі күшейген Александра прокуратура мен полиция департаментіне арызданып барған. Алайда олар да істі жылы жаба салды, дейді.

    Ал облыстық полиция департаментіндегілер ешқандай ұрып-соғу дерегі болмағанын айтып отыр.

    «Дмитрий Минголимовтің өзіне қол жұмсау дерегі бойынша ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. 30 маусымда қылмыс құрамы болмағандықтан, істің өндіріс тоқтатылды», – дейді облыстық ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Ноян Қиымбеков.

    Әділдік іздеп шарқ ұрған келіншек ендігі күйеуінің мәйітін қазып алып, сот-медициналық сараптама жасатпақ.

     

    қатысты посттар

    “Мен барлығыңызды кешірдім…” – жантүршігерлік жол апатында қаза тапқан актрисаның соңғы хаты

    Алматыда Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушы 11 қабаттан секіріп кетті

    Фариза

    Нұр-Сұлтанда әуеге көтерілген ұшақ неге оралғаны айтылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    17 − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.