9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Еліміздегі алғашқы порностудия” Элиталы пәтерде порнографиялық материалдарды заңсыз дайындап, таратқандарды полиция ұстады (фото)

    Алматы полициясы еліміздегі алғашқы порностудияны анықтады. Қаланың Медеу ауданында орналасқан екі жалдамалы элиталы пәтерде порнографиялық материалдар заңсыз дайындалып, таратылған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz порталына сілтеме жасап.

    Қылмыс орнында виртуалды интимді қызмет көрсеткен қыздар, Қырғызстаннан келген бағдарламашы ұсталды. Сонымен қатар тінту барысында процессорлар мен порнографиялық материал түсіруге қажетті заттар табылды.

    «Мұндай «студиялардың» жұмысы техникалық қамтамасыз етілуінен бастап, қыздардың үш ауысыммен жұмыс істеуіне дейін реттелген. Бұл «асүйдің» қызметін айрықша ететін басты белгі – интим қызметтердің виртуалды түрде көрсетілуі. Қыздар интернеттің көмегімен веб-камера арқылы АҚШ және Еуропаның шетелдік сайттарында тәнін көрсетіп, сол үшін ақша алған. Клиенттер «көңіл көтерудің» мұндай түрі үшін біздің мемлекетімізден тыс сервер арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жүргізген», – дейді полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Данияр Меңдібаев.

    Меңдібаевтың сөзінше, порностудиядағылар «веб-модельдерді» жұмысқа қабылдау туралы жарнамалар арқылы тартып отырған.

    «Мұндай жарнамаларда модельдік сырт келбетке ие қыздардың жұмысқа қабылданатыны, жоғары жалақы төленетіні көрсетілген. Алайда, әдеттегідей, уәде етілген мың долларлық жалақыны ешкім алмады», – дейді ПД басшысының орынбасары.

    Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

    Ұсталған тұлғалардың барлығынан процессуалдық тәртіпте жауап алынады. Оларға жауаптылық дәрежесі бойынша қылмыстық заңнамаға сәйкес шара қолданылады.

    қатысты посттар

    «Менің де өмір сүргім келмейді»: Алматыда суицид жасаған келіншектің күйеуі отбасы туралы айтты

    Фариза

    Үлбіде 90 тонна уран отыны сақталатын болды. Қазақстан оған керек орынды тегін бермек

    Оралда студент қызды зорлаған “Индрайвер” таксиінің жүргізушісі мен танысын полиция қызметкерлері куәгер ретінде тіркеп, бостандыққа жібере салған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.