-3 C
Алматы
Сенбі, 28 Қараша 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Қоғам

    “Қазақ тіліне қастандық бұл, Сағадиев, заң алдында жауап бересің әлі”

    Қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің біріктіріліп оқытылатынына қарсы пікір білдірді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Ол facebook парақшасына желі қолданушы Ардақ Бөкееваның жазбасын жүктеп: «Қазақ тіліне қастандық бұл. Сағадиев, судың да сұрауы бар, сен де заң алдында жауап бересің әлі. Ерболат Мұхамеджан, інім, бұны жылдам түзету керек!» – деп жазған.

    Ардақ Бөкееваның жазбасында не айтылған:

    «Менің филолог жиенім бір  сұмдықтар туралы айтты, басында мен бұған сенбедім (мұғалімдер бір-біріне ватсап арқылы жібергенін естігенмін). Кеше мен Колобоктің қазақ тіліне (орыс мектебінің 6 сыныбы) көмектесемін деп тіпті, не дерімді білми қалдым – енді қазақ тілі мен қазақ әдебиеті бір пәнде оқытылады! Қалыңдығы бір жарым сантиметр болатын бір оқулықта, яғни олар есімше мен шақтарды отбасы туралы шағын мәтіннен айыратын болған, ал тапсырмасында Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің өмірбаяны және шағын суреті бар. Сондай-ақ, оның «Абай жолы» романынан үзінді берілген. Біз оны университеттің үшінші курсында оқыдық. Бұл не қылған сұмдық?».

    Сондай-ақ, жазба авторы: «Қанбақ-шал немесе Мақта-қыз, мақал-мәтелдер, Бақа-Бақа-Балпақ  тағы басқалары қайда? Неліктен мемлекеттік тіліміз қазақ тілі деп жазылған елде тіл мен әдебиетті бір пәнге айналып кеткен? Мен таң қалып отырмын, отандастар! Министрліктің бұл жайдан хабары бар ма, олар бұл сұмдықты қалай түсіндірмек?» – деп жазған.

    Оны өзім арнайы тексеріп шықтым, орыс тілі мен әдебиеті бөлек оқытылады екен.

    Похожие записи

    “Ашқұрсақ халықты алдау оңай” Жұлдыздар ойнататын лоторея қаншалықты шынайы?

    Фариза

    Біздің министрлер халықтың бәрін өздері секілді баршылықта тұрады деп ойлай ма?

    Тараздағы төбелесте таяқ жеген бала ауруханада қансырап өлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × three =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.