15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Жантүршігерлік жол апатынан кәмелет жасқа толмаған 4 бала қаза тапты

    Бішкекте 17 жастағы төрт бозбала жантүршігерлік апаттан қаза болды, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қырғызстанның дерегіне сүйеніп.

    Апат Шыңғыс Айтматов даңғылында болды – Skoda көлігі мен №8 жолаушылар автобусы соқтығысқан. Жеңіл автокөліктегі төрт бозбала көз жұмды. Жеті адам жарақат алды, оның ішінде жеңіл көлікте отырған қыз бар.

    Ішкі істер бас басқармасының мәліметінше, 17 жастағы бозбала тізгіндеген Skoda жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, 30 жастағы жігіт жүргізіп келе жатқан автобуспен соқтығысқан.

    17 жастағы жүргізуші, үш жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Қыз ауруханаға жатқызылды.

    Қоғамдық көліктің жүргізушісі, сонымен қатар үш жолаушы ауруханаға жеткізілді.

    Аталған факт Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы “Жол қозғалысы қауіпсіздігі және автокөлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу” бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың бірыңғай реестріне тіркелді.

    Сотқа дейінгі тергеу басталды, сараптама тағайындалды.

    қатысты посттар

    Алматыдан ұшып шыққан Air Astana ұшағы әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

    Фариза

    Ми-8 тікұшағында қаза тапқандардың есімі белгілі болды

    Қордайдағы қақтығыс кезінде 8 адам қаза тапты

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.