9 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    “Шындығында мемлекетке кім масыл болып отырғанын байқаған шығарсыздар?”

    Белгілі саясаткер Ерлан Сайровөзінің әлеуметтік желідегі парақшасына еліміздегі банк басшыларының қанша бонус алатынын бөлісіп, өз ойын ортаға салыпты. Сондай-ақ, сарапшы мемлекеттің желкесіне мініп алған банктерді тезге салу керектігін ескертіпті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі dalanews.kz порталына сілтеме жасап.

     

    Қазір билік бізге мемлекетке масыл болу жайында жиі айтатын болған. Жарайды, қош делік.

    Бірақ соңғы 10 жылда мемлекет екінші деңгейлі банктерге бөлген қаржысы 20 млрд. долларға жуықтағанын көпшілік жақсы біледі. Осылайша Қазақстан экономикасында банк саласы ең көп субсидияланатын секторға айналды.

    Шындығында мемлекетке кім масыл болып отырғанын байқаған шығарсыздар?

    Банктер ары-бері қозғалып жұмыс істеу дегенді баяғыда ұмытқан. Ұлттық қордың қаржысына аямай қол салып, әбден семірген.

    Төменде еліміздегі банктерде жұмыс істейтін жоғары менеджерлердің бонусы жарияланыпты. Меніңше, дәл осы ақпараттың анық-қанығын фискалды орган тексреуі керек. Егер бұл мәліметтер рас болса, елімізде қайта-қайта орын алатын деваливацияның батсау көзін табуға болады.

    Банк басшыларының бонустарының біраз бөлігі Ұлттық қордан бөлінген қаржыдан құралуы мүмкін.

    Жарайды, банктердің бәрі жекеменшік делік, бірақ олар бәрібірде Қазақстандағы әлеуметтік үрдіске қатысушы құрылым болып саналмай ма? Мұндай жағдайда олар жалпы тұрмыстың этикасын сақтауы керек қой. Бірақ біздің банктер ол жағын ойламаған сыңайлы.

    қатысты посттар

    Қосанов Тоқаевты “шынайы” жеңісімен құттықтады (видео)

    “Мен де адаммын” Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді

    Фариза

    “Назарбаев президенттікке бірнеше кандидатты қарастырған…” – Тоқаев

    Пікір қалдыру

    twelve + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.