15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Шариғат, сүннет бойынша екінші әйел алған жігіттердің тойын тегін жүргізіп беремін”

    Ақтөбеде он жылдан аса асабалық қызметте жерген намазхан жігіт жарнамасымен айды аспанға бір-ақ шығарды. Ерлан Отарбай Instagram парақшасына “Шариғат, сүннет бойынша екінші әйел алған жігіттердің тойын тегін жүргізіп беремін” деген жазба қалдырған. Осыған байланысты  асабаның  пікірін білейік. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі nur.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Шариғат бойынша төрт әйел алуға дейін рұқсат. Кеңес үкіметі кезіндегі құлдық санамен көп нәрсеге тыйым салынды. Соның ішінде көп әйел алу да бар.

    Қазір қаншама қыз-келіншектер бұзылып кетіп жатыр. Жазылған сөздер рас. Бір жағынан сауап болар еді. Екінші жағынан жігіттерге жігер беру және өтімді жарнама.  Қалай айтсам да, жақсылық жағы көп.

     

     

     

    Әйел адамдар ауыр қабылдауы мүмкін.

    Пайғамбарымыздың жұбайы Айша анамыз да қызғанған. Кезінде Хауа анамыз да сапардан келген Адам атаның қабырғасын санап “тағы бір әйел жаратылмады ма?” деп қызғанады екен. Әйел адамның қызғанышы жаратылғаннан бар.

     

     

     

     

    Қазіргі заманда көп әйел алуды ата-анаң, әйеліңнің туыстары, айналаңдағы жақындар түсінбейді. Бұл қиыншылықтарды да жеңуге болады. Ол үшін білім алу керек”, – дейді асаба жігіт.

    Ерлан – Ақтөбегі халал тойларды жүргізіп жүрген асабалардың бірі. Айтуынша, әзірге бәйбішемен қатар екінші әйел алғандардың тойын жүргізіп көрмеген.

    “Екінші әйел алған тойды жүргізіп көрген жоқпын. Бірінші әйелімен себептермен ажырасып, екіншісін алып жатқандардың тойын жүргіздім.

    Көбіне екінші әйел алып, той жасамайды. Екінші әйел алғандар тек ер адамдардың арасында атап өтеді. Қандыағаш жағындағы бауырларымыз солай жасады“, – деді Ерлан Отарбай.

    Екінші әйел алуды жарнамалаған жігіт өзінде әзірге бір әйелі ғана барын айтты.

     

     

    “Менікі рұқсат беріп тұр. Шариғат бойынша әйелден рұқсат сұрамайды. Оларға тек ескертесің де, өзің жаймен ала бересің және жағдайын жасайсың.

    Қызғаныш, айқай шу болады. Оған шыдау үшін білімің, ақылың, жағдайың жетіп, жүйкең шыдау керек. Бұл жағдайды көтеруге менде әзірге білім жетпейді деп ойлаймын.

    Негізі Алла тәуекел еткенді жақсы көреді. Рұқсат беріп тұрғаннан кейін алсаң, арты берекет болады деп ойлаймын.

     

     

     

     

    Көп әйелді тек нәпсің үшін алуға болмайды. Нәпсің тоймайды. Екі, үш, төрт… Соңында бәрінен айрылып қалуың мүмкін”, – дейді Ерлан Отарбай.

    қатысты посттар

    “ВИП-қызмет көрсету керек пе бәріне?!” Балабақшада сәбиді жұлқып көтерді (видео)

    Фариза

    Жаңатаста қаза тапқан бес баланың туыстары жұртшылыққа үндеу тастады

    Фариза

    Шенеуніктер мен олардың туыстары тек Қазақстанда емделуі тиіс – Қуат Хамитов

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.