21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Жаңа Президент Тоқаевтың осындай жаңалықтарына қуанбағанда не істейсің?”

    Биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойған. Бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Желіде несиені жабуға қатысты қызу талқы жүрді. Арасында әзілдегендер де бар. Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап қазақстандықтардың бұл жаңалыққа қатысты тапқыр әзілдері мен оқиғаларын жинады.

    Желідегі kris_p парақшасы банк алдында берешегі бар адамның шотына мемлекеттен түскен қаражаттың скриншотын жариялап, “Президент айтты, Президент уәдесінде тұрды” деп жазыпты.

    Ал Facebook желісінің қолданушысы Бейбіт Қазыбеков несие өтелетіні жайлы дүрбелеңде қазақстандықтар банк мамандарының қоңырауына жауап бермесе, енді өздері сол мамандарға қол жеткізе алмай отыр деп әзілдепті.

    Белгілі блогер Дәулет Төлеутайұлы өзіне келген хаттардың бірін жариялапты. Онда хат авторы 300 мың теңге кредит алғанын және оны мемлекет қашан төлеп беретінін сұрайды. “Кей адамдарға дауа жоқ. Тоқаев кредит жабады екен деп, бәріміз күн сайын 300 мыңнан ала берейік. Әттең, 300 мыңға ми сатылмайды”, – деп әзілдепті Төлеутайұлы.

    Ал танымал пародист Асқар Көмекбаев досымен вайн түсіріпті. Онда өнерпаз кредитін төлей алмай жүрген досының жағдайын сұрайды. Әңгіме соңында 4 баласы бар отбасыларға ғана кредитті жауып беретінін білген досы жұбайына хабарласады.

    https://www.instagram.com/p/B2E53BQg_ER/?utm_source=ig_web_copy_link

    Ал продюсер Асхат Садырбай әпкесін үйіне дейін тегін әкеліп тастаған такси жүргізушісінің оқиғасын баяндапты. Оның айтуынша, несиесі өтелген такси жүргізушісі қуанғанынан әкеле жатқан жолаушысынан жолақы алмай қойыпты.

    Ал Қызылорда облысында тұратын Ақжан Әділхан кредиттің өзге тілдерде бірдей де, қазақ тілінде “несие” деп айтылатынына назар аударып, әзіл видео түсіріпті.

    https://www.instagram.com/p/B1yTfn7Hel9/?utm_source=ig_web_copy_link

    Дәулет Төлейтайұлының тағы бір жазбасында Сарыағаш қаласында тұратын Тәжібаевтар отбасы несиені жауып бергені үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдірген.

    Ал желіде тарап жүрген мына видеода әйел адамның көңілді музыкаға қуанышы қойнына сыймай көше бойымен жүгіріп жүргені көрінеді. Роликте “Кредиттен құтылған клиент” деген жазу бар.

    Бұл жаңалыққа танымал вайнер Мейіржан Төребаев басқа қырынан әзіл түсірген.

    https://www.instagram.com/p/B2GoBxnn4S8/?utm_source=ig_web_copy_link

    қатысты посттар

    Екі миллион теңге дауы: Коронавирус жұқтырған дәрігерлердің жартысынан астамына өтемақы төленбейді

    Фариза

    Қосалқы шаруашылық – қыруар табыс (видео)

    Шымкенттіктер мақтааралдықтарға киім-кешек пен қажетті заттар жіберді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven + twenty =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.