15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам Оқиға

    “Жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған” – Медреседе 19 жастағы қызды тірідей өртеп жіберді

    Нусрат Джахан Рафи Бангладештегі Фена қаласында діни мектеп-медреседе оқитын. 19 жасар қызды 27 наурыз күні медресе басшысы өз кабинетіне шақырып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлемек болған. Алайда қыз оның қолынан суырылып шығып, қашып кеткен. Болған оқиға жайлы ол отбасына айтқан. Бангладеште әдетте мұндай жағдайды көптеген қыздар жасырып қалады. Өйткені оларды қоғам мен отбасы түсінбей, дене жарақатын салып, тіпті өлтіруі де мүмкін.

    Алайда бұл жолы Нусратты отбасы толық қолдап, оның полицияға арыздануына рұқсат еткен. Нусрат полицияға арыз беруге барғанда, жергілікті құқық қорғау органдарының қызметкерлері оның жауабын видеоға түсірген. Сол күннен бастап медресе басшысы қамауға алынған.

    _106500873_b67f9008-b91e-4565-adf1-df039e7644d6

    11 күн өткеннен кейін, Нусрат ең соңғы емтиханын тапсыру мақсатында мектеп-медресеге барған. Нусраттың ағасы қарындасымен бірге еріп барыпты. Дегенмен оны мектеп аумағына кіргізбеген. Нусрат мектеп-медресеге кірген мезетте 5 оқушы оны алдап, медресенің төбесіне шақырған. Медресенің шатырында олар қыздан медресе басшысына қатысты жазған арысын кері алуды талап етеді. Алайда Нусрат ол талаптарын орындамайтынын айтқан сәтте, оның үстіне бензин құйып, өртеп жіберген. Денесінің 80% күйіп қалған Нусрат дереу аураханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай көз жұмды. Ол өлер алдында медресе басшысына қатысты тағы бір мәрте мәлімдеп, өзін өртеген қыздар жайлы да айтып кеткен.

    Аталмыш оқиға Бангладеш жұртшылығын дүр сілкіндірді. Нусраттың жерлеу рәсіміне бірнеше мың адам келген. Бангладештің премьер-министрі Шейх Хасин тергеу жұмыстары әділ жүретініне уәде берді. Бүгінде 15 адам қамауға алынған. Ал БҰҰ-ның Бангладештегі өкілі Миа Сеппо бұл істе барынша ашықтық болуын талап етті. Ол Бангладеш медреселеріндегі қыздардың құқықтары бұған дейін де тапталғанын тілге тиек етті.

    Дереккөзі: bugin.kz

    қатысты посттар

    “Түптің-түбінде Алла жазасын береді” Блок-бекетте қайтыс болған полицейдің анасы мен жары кінәліні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрауда

    Фариза

    Ораза кезіндегі жыныстық қатынастың тәртібі

    Дүнгендер Тоқаевқа қандай уәде берді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    14 − 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.