10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Бір қызды зорлаған 14 күдіктінің біреуін де полиция ұстаған жоқ” Белгілі заңгер Тоқаевтан істі жеке бақылауына алуды сұрады

    Заңгер Айман Омарова Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан Қостанай облысы Арқалық ауданының ауылында 14 еркек жабылып зорлаған оқушы қыздың ісін жеке бақылауға алуын сұрады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    – Арқалық ауданында бір қызды 14 ер адам жабылып зорлаған. Зардап шегуші қыз осыдан кейін екіқабат болып, босанып та алды. Ал полиция зорлық жасаған ол адамдарды ұстаған да жоқ. Сізден осы мәселеге баса назар аударып, оның шешіміне ат салысуыңызды сұраймын. Зорлаушыларға қатысты мәселелерді, сот жүйесін де өзгерту қажет. Ол арада өз ісін жақсы білетін кәсіби мамандар отыруы керек, – деді ол Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде.

    Адвокат Мемлекет басшысынан бұл істі жеке қадағалауына алуды өтінді.

    Сонымен қатар, Омарова Түркістан облысының Сарыағаш ауданында интернатта 13 жасар ұл баланың жыл бойына зорлық көргенін де жеткізді.

    – Балалар оны “тесік” деп атаған. Ал Түркістан облысының соты зорлық жасаған баланы ақтап алды. Өйткені олар интернаттың жабылғанын қаламайды. Сізден осы мәселеге де назар аударыңызды сұраймын, – деп сөзін аяқтады ол.

    қатысты посттар

    “Сарай сауысқандары қайда? Әшейінде төрт қолдап, жылайтын!”

    “Кешірім сұрауға намысыңыз жібермей отыр ма?”

    Қостанай облысында білім бөлімінің бастығы асылып өлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.