-1 C
Алматы
Жұма, 4 Желтоқсан 2020
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Туризм

    Туған жер – тұнған шежіре!

    Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы бойынша Жуалы ауданы Шақпақ ауылдық округіне қарасты мекемелердегі қызметкерлер мен жастардың қатысуымен «Туған жер-тұнған шежіре» атты табиғат аясына экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия өлкеміздің тарихын жастарға насихаттау арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеуді және тарихи-мәдени ескерткіштермен таныстырып, танымдық көкжиегін кеңейтуді мақсат тұтады. Ең алғаш экскурсияға шыққан саяхатшылар Шақпақ елді мекенінің оңтүстігінен 500 метр жерде орналасқан 8-10 ғасырлар аралығында болған Шақпақ қалашығына барды. Экскурсия барысында сөз алған тарихшылар өз сөзінде өлкемізден шыққан батырлар, ақындар мен ауданға еңбегі сіңген азаматтардың есімдерін атай отырып, тарихымызға тоқталды. Бұл қалашық теңіз деңгейінен 1123 метр биіктікте орналасқан. Қалашық Шақпақ белінің үстінде Алматы-Ташкент автомобиль жолының дәл іргесінде орын тепкен. Қалашықтың орнына В.А. Каллаур, Г.И. Пацевич, К.М. Байпақовтар зерттеу жұмыстарын жүргізгенімен, онда нақты қазба жұмыстары әлі жүргізілмеген. Шақпақ қалашығының орнын жергілікті жұрт «Қалмақтөбе» деп те атайды. Ол жерде ескі қорым бар деп қалашық туралы біраз мәлімет беріп кетті.

    Саяхатшылар бұдан соң аймақтың көркін келтіріп, ажарын аша түсіп онтүстіктен солтүстікке қарай ағып жатқан Шақпақ өзені бойына келді. Тарихшы Н.Дербісалиев өзеннің тарихын туралы былай деді. Шақпақ өзені Жуалы ауданындағы басты өзендердің бірі болып табылады. Ол ежелгі Мыңбұлақ қалашығының Шығыс жағындағы бірнеше бұлақтардан бастау алады. Шақпақ, Ынтымақ, Қарасаз елдімекендерінің тұрғындары Шақпақ өзенінің суын төңірегіндегі егін алқаптарын суғаруға пайдаланады. Шақпақата елді мекенінің оңтүстік жағындағы тау беткейінен соғыстан кейінгі жылдары канал қазылып, құламадан аққан суға шағын электр станциясы орнатылған. Ол станция 1959 жылдарға дейін маңайындағы ауылдарға ток көзін беріп тұрды. Саяхатшыларда өзен туралы өз пікірлері мен білетіндерін қатысушылармен бөлісті. Бұдан кейін экскурсияға қатысушылар ауылдың оңтүстік-батысында жақпар тастары айбар берген “Шақпақ тауына” бет бұрды. Шақпақата елдімекенінің 600 метрдей оңтүстігінде, Шақпақ қалашығының шығыс беткейінде, шоғыр тау жыныстарындағы киелі «Шақпақ» әулие үңгіріне барды. Бұл Шақпақ үңгірі туралы мынандай мәлімет бар. Үңгірдің тереңдігі 5,5 – 6 метрдей де биіктігі 2,5 метрдей болады. Алыстан қарасаң ашуланып, шабынғалы тұрған боранды елестететін алып тас тұлғаның төменгі жағында түрегеп тұрған кісі еркін сиятын үлкен тас үңгір бар. Үңгір тауды тесіп салған туннельге ұқсайды. Ол әрі қарай ұзаған сайын конус тәрізді жіңішкере береді. Жергілікті халық ежелден мұны “Шақпақ тастың киесі” – “Шақпақ ата әулиенің мекені” деп таниды. Содан үнемі әулиеге құрмет көрсетіп, зиярат жасап келеді. Осылайша, үлкендер мен өскелең ұрпақтың арасында рухани сабақтастық орнап, мәнді де мағыналы саяхат болғаны көңілге қуаныш ұялатты. Жастар шара барысында ерекше әсерге бөленгенін, өлке тарихына қызығушылығы оянғанын айтып, саяхатқа қатысушылар естелік суреттерге түсіп жатты.

    Похожие записи

    ШЫМКЕНТ: ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАРДАҒЫ ВИРУСТЫҚ ИНФЕКЦИЯҒА ШАЛДЫҚҚАН СОҢҒЫ НАУҚАС ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ САНЫ АРТТЫ

    Фариза

    Қызылорда облысының азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етілу мәселесі талқыланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 2 =
    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.