16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін

    “Ондаған адам қаза болды” Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

    Америкалық тарап содырлардың басқару пунктінің жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz порталына сілтеме жасап.

    АҚШ-тың санкцияланбаған шабуылы салдарынан Сирияның Идлиб провинциясында ондаған адам қаза болды, деп хабарлады Ресейдің Сирияның қақтығысушы тараптарын бітімге келтіру орталығы.

    Орталық мәліметінше, 31 тамызда 15:00-де (Мәскеу уақыты бойынша) АҚШ Сирияның Идлиб провинциясындағы Маарет-Мисрин және Кафер-Хая елді мекендері арасында шабуыл жасаған. Бірақ олар бұл туралы ресейлік немесе түркиялық тарапты ескертпепті.

    Ресей әкерилерінің мәліметіне сүйенсек, шабуыл жасалған елді мекендерде “қаншама адам қаза тауып, ғимараттар қирап қалды”.

    “Америкалық тараптың мәлімдемесі бойынша, шабуыл “Сириядағы “Аль-Каида*” тобының басқару пунктін жойды”. Америка Құрама Штаттары бұл әрекетімен Идлибтегі деэскалация аумағында қару-жарақ қолданбау режимінің сақталуына қауіп төндіріп, ал бірнеше бағыт бойынша кедергі жасап отыр”, – деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

    Америкалық тарап мәлімдегендей, шабуыл кезінде АҚШ азаматтарына қауіп төндірген “Аль-Каида*” тобының басқару пункті жойылды.

    *Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым

    Бұған дейін Сирия әскері содырлардың қару-жарақ қолданбау режимін бұзуына байланысты Идлиб провинциясында террорлық топтарға қарсы әскери операцияны қолға алатынын хабарлаған еді. Қақтығыстың екі жағы да Ресей мен Түркия президенттерінің қатысуымен 2018 жылдың 17 қыркүйегінде Сочиде қол қойылған ахуалды реттеу туралы меморандумның бұзылғанына бір-бірін кінәлайды.

    31 тамыздан бастап Сирия әскері Идлибтегі әскери қимылдарын тоқтатты.

    қатысты посттар

    “ҚМДБ маңына топтасқан” – биліктегі сәләфилер мен гүленшілер өзара «қақтығысып» жатыр

    11 мамырдан бастап мешіттер ашылады. Қандай ережелерді мұқият сақтау керек?

    Фариза

    Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан «Йақын инкар» экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды. «Йақын инкар» дегеніміз кімдер?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.