9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Басты саланың басым бағыттары

    Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік көлемі барлығы 687,1 мың гектарға орналастырылды. Ал, 19 тамызға дейінгі мәлімет бойынша масақты дәнді дақылдар 331,3 мың гектардан орылып, одан 752,2 мың тонна дән бастырылған. Орташа өнімділік гектарына 22,7 центнерді құрап отыр. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары жеткізді. Егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджеттен 1,0 млрд. теңге бөлінді. Жоспар бойынша 22,4 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ауыл шаруашылығы алқаптарына пайдаланып, жалпы егістік алқаптың 22,0% қамту жоспарланған. Күзгі дала жұмыстарына ауылшаруашылығы техникалары 100%-ға дайын. Оның ішінде егін орағына қатысты 695 астық ору комбайндары толығымен егін орағына қатысуда. Брифингте қант қызылшасын жинау науқаны, күзгі арпа мен бидайды себуге дайындық жөнінде де кеңінен айтылды.Жамбыл облысының дихандарына күзгі жинау және егіс дала жұмыстарын жүргізу үшін 16 200 тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген. Жамбыл облысында 2018-2027 жылдар аралығында етті мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімге жоспарланған салалық бағдарлама қабылданып, индикативті көрсеткіштері бекітілді. Жалпы осы бағдарлама аясында 2018-2027 жылдар аралығында облысқа алыс-жақын шет елден 36,0 мың басқа жуық МІҚ малының аналық басын сатып алу жоспарланған.
    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес 2018 жылы Жамбыл облысы бойынша 1,0 мың тонна сиыр және 1,5 мың тонна қой еті экспортқа шығарылуы тиіс болса, есепті кезеңде облыстағы тауарөндірушілер экспортқа барлығы 1014,1 тонна сиыр және 1659,1 тонна қой етін шығарды. Негізгі экспорттаушылар қатарында экспортқа бағытталған дамыған технологиялы бордақылау алаңдары және кластер құрамындағы «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-і, Меркі ауданында «Меркі ет комбинаты» ЖШС, Қордай ауданындағы «Первомайские деликатесы ЖШС» ет комбинаттары болды. Ет өнімдерінің негізгі бөлігі Иран Ислам Республикасы, Бахрейн Карольдігі, Кувейт мемлекетіне экспортталды. Осы кәсіпорындардың жүктелімін арттыру арқылы алдағы уақытта етті экспорттау динамикасын арттыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында қолдағы малдың өнімділігін арттыру мақсатында ет бағытына тұқымдық түрлендіру жұмысы қолға алынды. 2019 жылы мал шаруашылығын дамытуда бірнеше ірі инвестициялық жобалар іске асырылады. Қордай ауданында «Kazmeat Kordai» ЖШС-нің бордақылау алаңы қайта құру арқылы жылына 8,0 мың бас МІҚ бордақылауға қауқарлы ірі кешенге айналады. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытуға арналған ұзақ мерзімді концепция қабылданып облыста 2018-2027 жылдар аралығында жаңа 61 сүт-тауар фермасы іске қосылады, осыдан 12 сүт тауарлы фермасы сауын сиыр саны 400 басты құрайтын ірі кешендер. 2019 жылы 4 ферманың құрылысы жоспарланған, осыдан бір ферма 1 200 басқа арналған кешен. Жамбыл облысы бойынша, 2019 жылға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды қолдау бағдарламасына 3,65 млрд. теңге бөлініп толық игерілді. Баспасөз мәслихаты соңында журналистер агро сала мамандарына бірқатар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

    қатысты посттар

    ШҚО, Ұлан ауданында туризм өркендеп келеді

    Шымкенттегі ХҚКО-лардың жұмыс кестесі өзгерді

    Фариза

    Жамбылдағы 26 ауылішілік және 5 аудандық жол жөнделуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.