18 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Саясат

    Жолдау кәсіпкерлерге көрсетілген жеңілдігімен құнды

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды. Әсіресе, Президенттің «Жұмыс берушінің жұмысшыға қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуы 2023 жылға шегеріледі», – деген сөзі кәсіпкерлердің еңсесін көтеріп тастады. Бұған дейін де шағын және орта бизнеске ерекше қолдау көрсетіп келе жатқан мемлекетіміздің кәсіпкерлікке ден қоюы құптарлық іс. Себебі, кәсібі дамыған ел ғана үлкен жетістіктерге жете алады. Ал, жолдауда бұл мәселе айтылған сәттен бастап «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнеске ары қарай ауыртпалық салуды ұлғайтуға қарсылығын білдіріп, аталған нормаларды қайта қарау бойынша нақты позицияны ұстанған болатын. Сонымен қатар, Ұлттық палата өз кезегінде кәсіпкерлерді, қауымдастықтарды, тәуелсіз сарапшыларды тарту арқылы мәселені жан-жақты талқылауға да шақырды. Міне, бүгін нәтижені көріп отырмыз, Қасым-Жомарт Кемелұлы 5 пайыздық міндетті зейнетақылық жарнаның енгізілу мерзімін шегеруді тапсырды дейді Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов. Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін келесі үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы. Жамбыл облысының бизнес өкілдері соңғы кездері көрші Өзбекстан еліндегі шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан жеңілдіктерді қызыға айтып, осы мәселені Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес мүшелері де көтеріп жүрген болатын. Мемлекет басшысының осы Жолдауда Үкіметке берген тапсырмасын кәсіпкерлер қуана қабылдады. Нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер сапының артары сөзсіз. Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, мемлекеттік сатып алудағы ашықтықты талап ету, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын. Мемлекет басшысы бұл қадамдар арқылы елімізде кәсіпкерлікті қолдау алдағы уақытта да жан-жақты жүргізілетіндігін көрсетті. Жолдау кәсіпкерлерге осындай көрсетілмек жеңілдіктерімен құнды. Ендеше, «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау палатасы да мемлекет басшысының жолдауын бір аузыдан қолдай отырып, осы бағыттағы түсіндірме жұмыстарын бастап кетті. Алда, бұл тұрғыда бизнес өкілдерімен түрлі форматтағы кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарланған. Онда Жамбыл жеріндегі кәсіпкерлерге мемлекет басшысы жолдауынан туындайтын жағымды жаңалықтар жіті түсіндіріліп, осы бағытта жұмыс істеу мәселесі қаралатын болады.

    қатысты посттар

    Пневмониядан тоғыз шымкенттік дәрігердің қайтыс болғанын қалалық денсаулық сақтау басқармасы растады

    Фариза

    Қарапайым заттар экономикасы күн тәртібінен түспеуі керек

    ШЫМКЕНТТЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУГЕ 235 МЛН ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.