22 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Алматыда кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлап кетті

    Төтенше оқиға Іле-Алатау ұлттық паркі аумағындағы таулы жолда болған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі sputniknews. kz порталына сілтеме жасап.

    Ішінде төрт адам бар УАЗ көлігі отыз метрлік жардан құлады. Үш адам жарақат алған, біреуі оқиға орнында қайтыс болды.

    Трагедияның қалай болғанын полицейлерге УАЗ көлігінің жүргізушісі айтып берді. Ол дәрігерлер тексерген соң апат болған жерге қайта оралды.

    Оның айтуынша, олар көлікпен таудағы сазды жолмен жүріп келе жатқан. Кенеттен жол опырылып, жермен бірге көлік жардан құлаған.

    Жүргізуші мен екі жолаушы көліктен шығып, төртінші адамды алып шыққан. Ол өзгелерге қарағанда ауыр жарақаттанған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда бұл еш нәтиже бермеген. Ер адам жедел жәрдем бригадасы жеткенге дейін көз жұмды. Өзге жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта полицейлер қажетті материалдарды жинап, сотқа дейінгі тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Трагедияның нақты себебі анықталатын болады.

    қатысты посттар

    Шымкентте ауызашарға дайындық кезінде қайғылы оқиға орын алды

    Қарағандыда 21 жастағы жігіт туған анасын ұрып өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Фариза

    Құдыққа құлап кеткен 2 жасар баланы құтқарған мамандар марапатталды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.