Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    “Ондай адамды ана деп айта аламыз ба?” Қызын зорлаған өгей әкені қорғаған әйел жаға ұстатты (видео)

    Еуразия телеарнасындағы “Бір сұрақ” бағдарламасының қонағы болып өгей әкесінен зорлық көріп, тіпті одан жүкті болған Сайора есімді бойжеткен келді.Ол студияға жалғыз емес, өзінің қорғаушысы, адвокатымен бірге келді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Сайораның жасы қазір 17-де. Бірақ 4 сыныпта оқып жүрген кезінен бастап ұзақ жылдар бойы өгей әкесінен қорлық көріп келген.

    Қорғаушысы, заңгер Камиша Есмұхаметқызы:

    – Бұл іс бір жыл бұрын болды. Үш ай бойы істі дәлелдеуге, іспен танысуға мүмкіндік бермеді. Өгей әкесі тарапынан қандай да бір жемқорлықтың иісі болды ма екен. Өйткені бізге “сендер ештеңе дәлелдей алмайсыздар, қыз өтірікші. Оны менен бұрын басқа біреу зорлаған” деді.

    Сайора:

    – Мен 4-ші сынып бітірген кезде, 11 жасымнан бастап өгей әкем мені зорлай бастады. 11 жасымнан бастап, сегіз жыл бойы зорлап келді. Анама әрине, айттым, бірақ анам маған сенген жоқ. Өгей әкеме сеніп, соны қолдап кетті.

    Заңгер Камиша ханымның айтуынша, Сайораның анасы да, Сайораның өзі де Өзбекстанда туған. Әкесі ішкілікке салынған адам болған. Бұларға жиі қол көтеріп, “Өзбекстанға апарып тастаймын”, деп қорқытқан. Анасына қол жұмсайтын. Анасы содан қорыққан екен.

    Күйеуі үйге ішіп келгенде, таяқ жеуден қорыққан анасы қызына “бар, өзің барып жат, бірдеңе қылып ұйықтат” деген екен.

    – Ондай адамды ана деп айта аламыз ба, деп жағасын ұстайды бағдарлама жүргізушісі.

    Тағы бір сұмдығы, Сайора өзінің өгей әкесінен жүкті болған. Сосын түсік тастатқызған. Содан кейін бір жігітті “қызымды зорладың” деп айыптап, ол жігіттің әкесінен ақша мен автокөлік боспалап алғаны да бар екен.

    қатысты посттар

    Шымкентте жалған ақпараттың кесірінен балықтың саудасы тоқтап қалды

    Фариза

    Қазақстанның жас өнерпазы Ресейдің танымал әншілерін аузына қаратты (видео)

    Алматы облысында жоғалған қызды өлтіріп, денесін өртеп жіберген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.