16 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Қыздар, денелеріңе кәрі, лас, сасықтарды жақындатпаңдар…”

    Елімізге белгілі суретші, аниматор, әлеуметтік желі белсендісі Аңсаған Мұстафаның Facebook парақшасындағы жазбасы елді елең еткізді, деп жазады Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    “Бүгінгі уақиғаға қатысы жоқ. Қыздар, жандарым сол, денелеріңе кәрі, лас, сасықтарды жақындатпаңдар, тең-теңімен, тезек қабымен. Өздеріңдей жап-жас, әдемі, шымыр жігіттерге тиіп, ақша, үй, тағы басқасын бірге жасап алуға болады. Өмір бір-ақ рет беріледі, ақылдысыңдар ғой қыздар. Қарттармен, кәріиттермен сөйлеспеңдер, өмір көрген, сөзге шешен, бастарыңды айналдырып алмас үшін, бірден жиіркеніп қашсаңдар, дұрыс болады. Рахмет!” – деп жазба қалдырыпты суретші.

    Өзінің айтуынша, бұл жазбасы 82 жасында үйленген халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановқа қатысы жоқ. Десе де, желі қолданушылары бұл жазбаның сол жағдайға қатысы бар деп топшылауда.

    Айта кетейік, елімізге белгілі әнші, халық әртісі Нұрғали Нұсіпжанов 82 жасқа келген шағында белгілі тележүргізуші Жадыра Сейдешпен шаңырақ көтерді.

    қатысты посттар

    Бекшин жаңа жылдық корпоративке тыйым салды

    Фариза

    “Қажылыққа бару қиындамақ” Ғалымдар мұсылмандарға дабыл қақты

    «Жайық өзені ластанудың ақырғы шегіне жетті». Депутат дабыл қақты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight + 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.