22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    “Көз жұмды” Елордада атыс ұйымдастырған күдікті іздестірілуде

    ҚР ІІМ және Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің қызметкерлері ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді бір тәулік ішінде қолға түсірді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

    «25 тамыз күні Жедел басқару орталығына Маман көшесінде атыс болып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнына жеткен полицейлер жағдайға көз жеткізді. Бір топ адам жанжалдасып, ашуға булыққан біреуі басқаларға қарудан оқ жаудырған. Салдарынан 4 адам жараланды. Оның біреуі ауруханаға жеткізілген соң көз жұмды. Күдіктілер оқиға орнынан ізін жасырған» делінген хабарламада. Елордалық полицейлердің шұғыл әрекетінің арқасында күдіктілер бір тәулік ішінде ұсталды. Қазіргі уақытта олар қамауға алынған. Аталмыш іске қатысы бар барлық адам анықталды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқ атылған қару-жарақ табылып, тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалған. Мән-жайды анықтау кезінде оқиға қатысушылары арасындағы жанжал дұшпандық қарым-қатынас негізінде туындағаны белгілі болды. 

    қатысты посттар

    “Оның бәрі заңсыз әрекет екен…” – митингке қатысқан жастардың өкініші (видео)

    Ақмола облысында сенбілікке шыққан оқушы қаза тапты

    Тікұшақ пен ұшақ соқтығысып, 7 адам қаза тапты (видео)

    Пікір қалдыру

    eleven − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.