7 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Көкпекті ауданында “Толағай сұлтаны-2019” шығармашылық байқауы басталды

    Қатысушылар қазылар алқасының жүрегін әртүрлі жолмен баурауда. Мысалы: дәстүрлі қазақ әндерін шырқап, домбыраның құлағында ойнап, стендап көрсетіп, сан түрлі стендап жасап, фокустарды көрсетті. Байқаудың қатысушыларының бірі, Жарма ауданының намысын қорғауға келген Жандос Қалижаров шығармашылық байқауға креативті түрде дайындалып келіпті. Ол вестерн стилінде ән шырқады. Ал музыканттар комбойлардың киімдерін киіп, гитарада ойнады. Ал Жандос Қалижаров флейтамен өнер көрсетті. Бұдан соң “Титаник” фильмінің мелодиясын орындап, көпшілік қауымның ыстық ықыласына бөленді.

    -Іс шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін насихаттап, жастардың бойына патриотизм сезімін ұялатып, ұлттық шығармашылықты дамыту.
    Халықаралық байқауды Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды. Оған облыс әкімдігі мен Көкпекті ауданының әкімі қолдау көрсетті. Байқаудың өтуіне көпшілік қауым да, өңірдің демеушілері де жақсы қолдау білдірді. Бағалы сыйлықтар демеушілердің қаражаты есебінен алынды. Ең бастысы, байқау аудан тұрғындары мен көрермендердің қызығушылығын тудырды. Бұл қуанышты жағдай. “Толағай сұлтаны-2019” атауы брендке айналды. Біз өз кезегімізде іс шараның ауқымын кеңейтіп, еліміз бен шетелдерден келетін қатысушылардың санын арттыруды көздеп отырмыз, – деді Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Ришат Рамазанов.

    қатысты посттар

    Шымкентте науқастар санының азаюына байланысты күндізгі стационар жабылды

    Фариза

    Шымкент: емханаларда құрылған мобильді топ 15 мың науқасқа қызмет көрсеткен

    Фариза

    МӘМС: Кәсіпкерлер жарнадан босатылған қызметкерлерін сақтандыруы керек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.