23 C
Алматы
Сейсенбі, 23 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Күйеу жігіт үйлену тойдан кейін қалыңдығын тастап кетті

    Өзбекстандағы үйлену тойынан кейін жас жұбайлар ажырасып кетті. Күйеуіне қалыңдықтың ата-анасы сыйға тартқан жергілікті өндіріс орнынан шыққан киім ұнамады. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Жергілікті телеарнаның бірі Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасылық және неке мәселелері, сондай-ақ жастар арасындағы ажырасудың себептері туралы репортаж көрсетті. Атап айтқанда, жігіт үйлену тойына «жаман киім» бергендіктен, ажырасу туралы өтініш білдіруге мәжбүр болды.

    Жергілікті дәстүр бойынша, қалыңдық пен күйеудің ата-аналары үйлену тойына жаңа үйленгендерге сарпа (дәстүрлі сый) береді: ер адамдарға әдетте, аяқ киім, киім, әйелдерге – ыдыс-аяқ, үй заттарын береді.

    Ол үйлену тойындағы достарына түріктің сапалы киімдері мен аяқ киімдері сыйға  алғысы келгенін айтты.

    «Қалыңдығымның ата-анасы мен бауырлары жақсы жерлерде жұмыс істейді. Олар маған қымбат киім сыйлайды деп ойладым», – деп қиналды жас жігіт.

    Өз кезегінде ол “қалыңдығына өзінің сыйлықтары ұнады ма?” деген сұраққа үндеген жоқ. 

    қатысты посттар

    Қазалы ауданында 3 млрд-тан астам қаржыға 42 жоба іске асырылып жатыр

    Фариза

    Саяси реформаны талап еткен митингте трансгендер мінберде сөз сөйлемек болды

    Фариза

    Сенатор әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.