9 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Мәдениет және шоу-бизнес

    “Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді” – белгілі әзілкеш сынның астында қалды

    Басына қазақтың ұлттық сәукелесін киіп, вайн түсірген отандық әзілкеш Жахан Отарғалиевтың әрекеті желіде қызу талқыға түсті. Елді шулатқан видео kaz_stars парақшасында жарияланған.

    Әйел образына енуді “әдетке” айналдырған әзілкеш бұл жолы басына сәукеле киіп вайн түсірген. Өзіне сай келетін киім таңдап жүрген Жаханның әрекетіне желідегілер сыни пікірлерді қарша боратты. Басындағы сәукелесіне басты назар аударған олар әзілкештің вайнын сапасыз дүниеге теңеп, қатаң сынға алған.

    “Масқара”, “Сәукелені жайдан-жай киюге болмайды. Киесі ұрады”, “Қазіргі ер адамдар ұсақталып кетті ғой”, “Бұл видеомен не айтпақ болдыңыз көпшілікке?”, “Мына видеоны көріп, мен қатты намыстанып кеттім”. “Ер адамға тән қасиет қалмапты ғой”, “Мүлде ер азаматқа лайық іс емес”, “Сәукеленің не қадірі қалды? Біресе жалаңаш қыздар киеді, біресе ер адамдар киеді”, “Сәукелені қорлағаны үшін соттау керек”, “Ұлттық құндылықтарды қорлағандарға қатысты қашан заң шығады екен”, – деп жазды желідегілер.

    https://www.instagram.com/p/B1OdacLgBVN/?igshid=1u1vzniijvt2p

    қатысты посттар

    “Неге қазақтың сұлу қызы шетелдіктің жанында жалаңаш отыр”

    Әнші Қарақат Әбілдинаның анасы өмірден озды

    Фариза

    Азық-түлік бағасын реттей алмайтын министрлерді қуу керек – актер

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.