16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Суицидке итермелейді” Ғалымдар күнделікті қолданатын сусынның өлімге әкелетінін айтты

    Ұзақ зерттеулердің нәтижесінде ғалымдар газдалған сусындарды қодану – балалардың  мінез-құлықтарына тікелей әсер ететіндігін анықтады. Кейбір ата-аналар үшін газдалған сусындар балаларда агрессивті мінез-құлықтарқтарды тудырады  деген тұжырым ойдан шығарылғандай көрінуі мүмкін. Дегенмен, ғалымдар бұл сусындар  балаңыздың бұзақылық істерге баруына итермелейтіндігін айтады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі.

    Газдалған сусындарға байланысты денсаулыққа қатысты мәселелер

    Американдықтар әлемдегі басқа елдерге қарағанда газдалған сусындарды  өте көп мөлшерде сатып алады. Сондай-ақ оны тұтынатындардың көпшілігі балалар. Осыған сәйкес, көптеген жылдар газдалған сусындарды мектеп сауда автоматтарынан шығарып тастауды және тәтті сусындардан келетін қауіп жөнінде ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жасалды.

     Дәрігерлер мен диетологтар газдалған сусындардың балалардың асқазанын  бос калориямен толтыратынын, сондай-ақ оның семіздікке ықпал ететінін анықтаған.  Тіс дәрігерлері де ата-аналарға балаларына газдалған сусындарды ішкізбеуге кеңес береді. Себебі, тәтті сусындар кішкентай балалардың тіс жиектерінің ауырсынуына әкеліп соғатындығын айтады.

    Көптеген газдалған сусындардың құрамында кофейн болады. Ал кофейн бас және асқазан ауруын, сондай-ақ ұйқы безінің құртылуына тікелей әсер етеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесіне де кесірін тигізеді.

    Балаларға әсер етуі үшін кофейіннің мөлшері маңызды емес. Сондықтан, Америкалық педиатрия академиясы барлық жастағы балаларға газдалған сусындарды ішпеуге кеңес береді.

    Газдалған сусындарға байланысты мінез-құлық міселелері

    “Педиатрия журналының 2013 жылы жарияланған санында балалардың мінез-құлықтарының өзгеруі олардың газдалған сусындарды қолдануымен тікелей байланысты екендіне қатысты мақала жарық көреді.

    Мақалада жазылғандай, ғалымдар АҚШ-тың 20 қаласынан 5 жастағы 3000 балалада агрессивтік мінез-құлықтың бар екендігін анықтаған. Тіпті, отбасындағы барлық зорлық-зомбылық бұның барлығы да осы газдалған сусындармен байланысып жатады екен.

    Күніне 4 не одан да көп мөлшерде газдалған сусындарды қолданатын балаларда басқаларға зиянын тигізуі, төбелеске жақын болуы екі есе көп болып келеді.

    Газдалған сусындар  мен агрессивті мінез-құлықтың арасындағы байланыс

    Газдалған сусынды тұтыну мінез-құлықпен неліктен байналысты екенідігі әлі күнге белгісіз. Олар ұзақ өңдеуден өтендіктен, зерттеушілер арпартам немесе фосфор қышқылы сияқты интрегенттер мінез-құлыққа әсер етуі мүмкін деп болжайды. Кофейннің де мінез-құлықтың өзгеруіне тікелей әсері бар. Сондықтан, ғалымдар кофейннің рөлі болуы мүмкіндігінен күдіктенеді.

    Жоғары газдалған сусын қабылдау қан глюкозасының деңгейіне де әсер етуі мүмкін. Қандағы глюкозаның төмен болуы балаларды газдалған сусындарға тәуелді етіп, сонымен қатар, олардың агрессивті болуына әкелуі мүмкін.

    Газдалған сусынды тұтынудың жасөспірімдерге тигізетін зияны

    Зерттеулер жасөспірімдердің мінез-құлықтарының өзгеруімен қатар, эмоцияға берілуін де газдалған сусынды тұтынумен байланыстырады. 2013 жылы Халықаралық жарақаттарды бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету журналында жарияланған зерттеу бойынша газдалған сусынды тұтыну –  жасөспірімдерді агрессияға, депрессияға ұшыратады. Сондай-ақ оларды суицид жасауға итермелейтіндігін айтады .

    Жасөспірімдер газдалған сусынды қаншалықты көп ішсе, соғұрлым олар бұзақылыққа жақын болады. Сонымен қатар, олардың үнемі ештеңеге көңілі толмай жүретіні немесе кез-келген нәрседен тез үмітін үзуі, өзіне-өзі қол жұмсау туралы ойлар да осы газдалған сусындардың әсерінен.

    Балаңызды газдалған сусындарға тәуелділіктен құтқарғыңыз келеді ме?


    Газдалған сусындардан бас тартуға қосымша, балаңызға энергетикалық сусындарды тұтынуға рұқсат бермеңіз. Американдық педиатрия академиясы балаларды энергетикалық сусындар ішуден бас тартуға шақырады. Себебі,  олардың көпшілігінде гуарана мен таурин сияқты стимуляторлар, сонымен қатар кофеиннің көп мөлшері бар.

        Егер сіз өзіңіздің балаңыздың агрессиясын басқара алмасаңыз немесе сіздің оның мінез-құлқын жақсартуға шамаңыз келмесе, балаңызды дәрігерге қаратқаныңыз жөн. Сіздің балаңыздың педиатры оның мінез-құлығының бұзылуына немесе психикалық денсаулығына байланысты дұрыс кеңес береді.

    қатысты посттар

    Әкімдердің рейтингі енді жол сапасымен анықталады

    Фариза

    29 сәуірдегі доллардың ресми бағамы белгілі болды

    Фариза

    Қазалыда «Жол картасы» бағдарламасы аясында 42 жоба іске асырылып жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − 17 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.