16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Сіздер адам тасымалдап жүрсіздер ме, әлде, жануарларды ма?” Жолаушылар вагондағы сұмдықтарды көріп шағымдануда

    “Сіздер адам тасымалдап жүрсіздер ме, әлде, жануарларды ма?” Жолаушылар вагондағы сұмдықтарды көріп шағымдануда. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Назарларыңызға елорда тұрғындарының фейсбук желісінде әлеуметтік мәселелерді талқылайтын өте танымал «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» алаңында қызу талқыға түсіп жатқан Қазақстан темір жолына қатысты бір тақырыпты ұсынамыз.

    Жулдуз Жакишева‎ есімді астаналық тұрғын: «ҚТЖ» акционерлік қоғамы, мынау не пәле?! Сіздер адам тасымалдап жүрсіздер ме, әлде, жануарларды ма? Мынадай вагондарға билет сатудың не керегі бар? Екі баламмен барып, бес жасар ұлымды жоғарғы сөреге жатқызбақ болдым да, жолсеріктен: «Қандай да бір қауіпсіздік белдігі бар ма?», – деп сұрадым. «Қарастырылмаған!» – деп немқұрайлы жауап бере салды жолсерік. Түсінідіріп айтуға болады ғой, ал ол ештеңе демейді. Адамдар, балалар мен қарттар үшін қарастырылмаған ба сонда? Мына вагонға кірсең, өмір сүру мүмкін емес, барлығы соншалықты қорқынышты», – деп қынжылады.

    Ал Венера Таутескенова деген жолаушы: «ҚТЖ үшін біз хайуандармыз. Егер олар бізді адам деп санаса, пойыздардың жағдайын жасаушы еді», – десе, Гульвира Тулендинова да: «Вагондар – ҚТЖ-ның бет-бейнесі», – деп мысқылдаған.

    «Түсінбейтінім, мұнда тағы да хайуандар. Тіпті, олармен нашар жұмыс істеуге болады немесе олар бізден нашар нәрсе сияқты.  Айтпақшы, бұл пойыздарды да адамдар жасады ғой», – дейді Анастасия Палагутина.

    Айтып-айтпай не керек, халықтың шыдамы таусылғаны осындағы пікірлерден-ақ айқын аңғарылып тұр. Оны өз кезегінде «ҚТЖ, халыққа жауап берсеңіздерші енді! Қарапайым адамның жағдайын жасауға қашан қол жеткізуге болады? Әлде, құрметті шенеуніктер, Сіздер үшін халық «қой мен шошқа» ма? Бізді неге қорлайсыздар?» – деген Эля Булатовна деген желі қолданушысының ащы айқайынан түсінуге болады. Бұл мәселедегі түйінді Глеб Максимов деген азамат қойғандай болыпты. «ҚТЖ жемқорлардың қолынан қаза тапқан», – дейді ол.

    ҚТЖ төңірегіндегі проблемалар бұлайша биыл ғана ушығып отырған жоқ негізі. Оны бәлен жыл басқарған Асқар Мамин қазір Үкімет басында. Демек, халықтың хал-ахуалынан ол да жақсы хабардар деген сөз…

    қатысты посттар

    Жалағаш ауданында залалсыздандыру жұмыстарына 2 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Ерлан Тұрғымбаев: Полиция қызметкерлерінің жалақысы 90% артады

    Фариза

    Қызылордада 14 елді мекенге талшықты-оптикалық кабелі апарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.