7 C
Алматы
Жұма, 29 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    60-70 мың айлықпен күнелтетін ата-ана баласын оқу жылына толық дайындай ала ма?

    Оқу жылы жақындаған сайын баласын жетектеп мектеп формасын іздеген ата-ананың қарасы көбейеді. Бала-шағаның қамын күйіттеген ата-ана олардың сауатты білім алып, қатарынан қалдырмас үшін мектеп құралдарын барынша түгелімен алып беруге тырысатыны белгілі. Дегенмен, жыл сайынғы маусым жақындаған сайын бағасы күрт көтеріліп кететін мектеп құралдары расында сын көтеретіндей жағдайда ма? Аталған мәселеге сәйкес Qazweek.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі зерттеу жүргізіп көрді.

    Деректерге сүйенсек, осы жылыоқу және анықтамалық оқулықтардың бағасы бір айда 2,4 % және бір жыл ішінде 6,4%  дейін өскен екен.

    Олай болса нарықтағы баға бойынша мектеп құралдарының орташа бағасын шығарып көрейік:

    Қыз баланың мектеп киімі: бантик – 500 тенге, жейде бастауышта оқитындар үшін – 2500 , жоғары сынып қыздары үшін – 4000 тенге, белдемше 2500 тенге , туфли – 5000 тенге, спортық киім – 7500тенге, спорттық аяқ киім – 5000 тенге, сөмке – 4000 тенгеден басталады.

    Ер баланың мектеп киімі: Костьмдердің бағасы- 6000-нан жоғары, жейде – 3000-нан жоғары, шалбар 3000-4000 теңгеден басталады, аяқ киім 5000 теңгеден басталады, дене шынықтыру киімі 6500 ден, ал аяқ киімі 5000 теңгеден басталады. Ал мектеп сөмкесін кем дегенде 4000 теңгеден алуға болады.

    Бұл біз есептеген мектепке ең керекті деген құралдар, әрі  еліміздегі шамамен ең төмен деген бағалар. Енді байқасаңыз қыз баланы 45 000 – 50 000 теңге, ер баланы 40 000 – 45 000 теңгеге киіндіріп, ал кеңсе тауарларын 10 000 – 15 000 теңге көлемінде алуыңызға болады.

    Ең төменгі бағадан кішкене қымбатырақ заттармен балаңызды қамтамасыз етер болсаңыз, орта есеппен бір балаға 150 000 – 200 000 теңге құртуға мәжбүр боласыз. Кез келген бала өзінің қатарластарында бар әдемі заттарға қызығып, алып бер деп ата-ананың алқымынан алғанда, баланың көңілін қия алмай, қалғанын алып беруді әрбір ата-ана қалайды. Сонда орта есеппен ең керекті заттарды алар болсаңыз, сізге жаңа оқу жылына балаңызды дайындау үшін 70 000 – 80 000-дай қаражат қажет болады.

    Баласына мектепке керек-жарағын алуға келген ата-ана: «мектеп формаларының да, кеңсе тауарларының да алдыңғы жылға қарағанда қымбаттаған. Қызыма қажеттерін алу үшін келгенмін, формасының өзі 50 000 мың болды, әлі кеңсе тауарларын алмадық. Бағалар қымбат, бірақ бала үшін амал жоқ сатып алуға тура келеді», – дейді.

    Қарап отырғанымыздай, бір баланың керек-жарағын түгендеу үшін кем дегенде 50 000 мың керек. Ал, тапқан табысы жалға алған үйі мен азық-түлігінен артылмайтын ата-ана мен көпбалалы отбасылар әр баласын мектепке дайындауға қаражаттары жете ме? 60 000 – 70 000 айлық алатын отбасы 3 баласын 150 000-ға қалай киіндірмек? Мұндай жағдайда әрине ата-ана балаларының киімдерін бір-біріне кигіздіріп, жанбағатыны белгілі. Дегенмен, әр бала жаңа оқу жылына жаңа киім киіп барғысы келетінін де естен шығармаған жөн.

    қатысты посттар

    Маңғыстау облысы Баянды ауылындағы жолдың сын көтермейтін сапасы күлкіге айналды

    Фариза

    Назарбаев даңғылын қайта Фурманов көшесіне “ауыстырды”

    Фариза

    Зооқорғаушылар елордада иттердің зорланғанын айтып, дабыл қақты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eleven − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.