10 C
Алматы
Сәрсенбі, 17 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Қоғам

    Өндірісті автоматтандыру жалғасуда

    Елбасы өз жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында барлық ірі өндіріс орындарын автоматты жүрде жұмыс істеуге көшіру керектігін айтқан болатын. Талас ауданы Қаратау қаласында орналасқан «Қаратау Про» серіктестігі бүгінде осы үдеден толық шығып отыр. Бұл зауыт қазір мәрмәр тастарын өндіріп, құрылысқа қажетті жеті түрлі өнім шығарады. Яғни, жоба индустрияландыру бағдарламасының екінші бес жылдығында Талас ауданында салынған ірі зауыттың бірі. Оның жалпы құны 1 млрд. 946 млн. теңгені құрайды. Мұнда Қаратау қаласының 70 тұрғынына жұмыс орындары ашылды. Жаңа зауытқа Италиядан әкелінген заманауи қондырғылар қойылған. Мұнда барлығы да автоматты түрде жүзеге асырылады. Сондықтан зауыттың негізгі бөлігінде 10- шақты адам ғана еңбек етеді. Олар негізінен жұмыс процесін қадағалап отырады. Бұл Елбасы тапсырмасына сай жүзеге асырылып отырған кәсіпорын болып есептеледі. «Қаратау Про» серіктестігі негізінен мәрмәр ұнтағын шығарады. Оны қазір құрылыс саласында кеңінен қолданылады. Мәселен: «Алина» компаниялар тобына жататын бұл зауыттың Қазақстан бойынша баламасы да жоқ. Сондықтан бүгінгі таңда сұраныс та өте жоғары. Оның үстіне дәл қазіргі таңда Жамбыл облысында жұмыс істеп жатқан құрылыс нысандарына да өткізіліп жатыр. Мұнда қажетті шикізаттың 90 пайызы қойнауы қазба байлыққа толы Қаратау жерінен алынады. Мәрмәр тастарын қазу үшін бүгінде өздеріне үлкен карьер қазді. Ал, зауытқа дейін тасты камазбен тасыса, дейін өнім теміржол арқылы еліміздің өзге де өңірлеріне жол тартады. Зауытта жылына 110 мың тонна өнім өндіру көзделіп отыр. Италиялық қондырғылар бір минут үзіліссіз жұмыс істейді. Оны қадағалап отыратын операторлар да ауысым бойынша келеді. Мәселен: Сергей Зеновтың негізгі жұмысы осы бөлменің ішінде жүзеге асырылады. Ол зауыттың жүрегі десек те болады. Себебі, мұнда барлығын бір адам қадағалап отыруы керек. Дисплей арқылы өндіріс орынының қалай жұмыс істеп тұрғандығы да көрініп тұрады. Жалпы, Талас ауданы бойынша қазір үдемелі индустриялды бағдарламаға енген үлкен жобалар жетлікті. Олардың қатарында осы «Қаратау Про» мен «Жамбылнедр», «Талас инвест компаниясы» секілді өндіріс орындары бар. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады. «Қаратау Про» серіктестігі биылғы жылы да бірқатар жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Ол өнім көлемін көбейту. Мәселен: қазір зауыт жылына 5500 тонна мәрмәр ұнтағын шығарса, оны жыл соңына дейін 10 мыңнан асыру көзделген.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: ТӘУЕЛСІЗДІК САЯБАҒЫНА СӘНДІК АҒАШТАР ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    Фариза

    Жамбыл өңірінде көкөніс жеткілікті

    Фариза

    Шымкент қаласында жедел жәрдем қызметі күшейіп, 100 бригада толықтай жұмыс істеуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five + fourteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.