15 C
Алматы
Жұма, 19 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Түрік пен қазақ қызы қылмыңдасқан” Қарағандыда жұмысшылар бас көтерді (видео)

    Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінде Теңіздегідей оқиға қайталанып жатыр. Жәйремде 2500-ден астам адам жұмыс істейтін Полиметал зауыты салынып жатқан. Соған сол жергілікті жігіттерді жұмысқа ала қоймайды екен. Жан-жақта вахтада жүр, ауылда жұмыс іздеп сандалып жүргендері де көп дейді. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі adyrna.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін кешкісін 50 шақты жігіт КППны бұзып өтіп, түріктерді сабапты да, 6 түрікті өздерімен бірге алып кетіпті. Қазір жүзден астам жігіт көшеде тұрған көрінеді. Оларға әр облыстан полицейлер бара жатыр. Мұнда да түрік пен қазақ қызы қылмыңдасқан деп жатыр. Бірақ бұл жағдайға да қазақ жұмысшыларының шетелдіктерге қарағанда айлықты аз алатын еңбек теңсіздігі себеп болған секілді..

    Білетіндер Жәйремдегі оқиға негізі осыдан 2-3 ай ерте басталу керек еді дейді. Астана күнінің алдында жұмысшылар митинг өткізбекші болыпты. Ақыры, көптен жиналған сыздауық бүгін жарылды.

    Әзірге, ресми орындардан ақпарат жоқ. Жағдайды толық бақылауда ұстаймыз.

    қатысты посттар

    Коронавирустан қалай қорғану керек: Ең басты сақтық шаралары!

    Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Шиелі ауданының ахуалын тексерді

    Фариза

    Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту қызметтері жандануда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.