10 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Полиция шерушілерді ұстай бастады”. Ресейде әділ сайлауды талап еткен митингілер өтуде (видео)

    Сенбі, 10 тамызда Мәскеу, Санкт-Петербург, Дондағы Ростов, Брянск қалаларындағы әділ сайлауды талап еткен акция кезінде жалпы саны 325 адам ұсталған. “ОВД-Инфо” құқық қорғау порталының дерегінше, Мәскеуде – 229, Петербургте – 81, Дондағы Ростовта – 13, Брянскіде екі адам ұсталған деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап.

    Мәскеуде рұқсат етілген акция академик Сахаров даңғылында өтті. Оған “Белый счетчик” дерегінше, шамамен 60 мың адам қатысқан. Ал Ресей ІІМ митингіге 20 мың адам келгенін хабарлады.

    Жиналғандар тәуелсіз кандидаттарды қалалық дума сайлауына өткізуді талап етіп, бұған қоса 27 шілде күнгі акцияданкейін қозғалған қылмыстық істі жабу қажеттігін айтты. Шілде айының соңғы сенбісінде өткен акциядан кейін Ресейдің тергеу комитеті “жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру” ісі бойынша іс қозғап, 14 адамға айып таққан еді. 

    10 тамыз күнгі митингіден кейін шерушілердің бір бөлігі “Китай-город” метро станциясына бағыт алған. Онда полиция шерушілерді ұстай бастаған. 

    Петербургте де мәскеулік шерушілерді қолдаған рұқсат етілмеген акция өтті. Оған қатысушылар биліктен жиын өткізуге рұқсат сұрауды қажет етпейтін бір адамдық пикет өткізетінін айтқан. 

    Бұған дейін Мәскеудегі шерушілерді қолдап, қазақстандық екі белсенді Нұр-Сұлтан мен Алматыда акция өткізген.

    Мәскеу қалалық дума сайлауы 8 қыркүйекте өтеді.

    қатысты посттар

    “Ұятты дыбыстар шығады” Тұрғындар тұрып жатқан үйлерінің жезөкшелер ордасына айналғанын айтып шағымдануда (видео)

    Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады

    Фариза

    Тәртіпсіздікке қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төлеген – прокуратура

    Фариза

    Пікір қалдыру

    19 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.