16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Жалақы көрмеген жұмысшылар наразылығы: Жыл басталғалы көк тиын көрмедік

    Нұр-Сұлтан қаласындағы “Нұрлы жол” вокзалы мен Нұрсұлтан Назарбаев әуежайын жалғайтын көпірге қатысты дау туды. Оны салып жатқан жұмысшылар 8 айдан бері жалақы алмадық деп шу көтерді.

    Жыл басталғалы көк тиын көрмеген150-ден аса құрылысшы бар екен. Бірсыпырасы даулы көпірге келіп, ақша болмайынша кетпейміз деп бекінген. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Евразия арнасына сілтеме жасап хабарлайды.  

    Жаңа темір жол вокзалы мен әуежайды жалғайтын тағы бір өткелге байланысты шу шықты. Бұл жолы ЛРТ-мен жағаласып салынып жатқан көпір назарға іліккен. Есілдің екі жағасын жалғастырған нысанды 150-ден аса адам сала бастаған. Жұмыстың тек 70 проценті аяқталған тұста құрылысшылар қызметін тоқтатып, талап қоя бастады.

    Көпір құрылысының тоқтағанына шамамен бір аптадай уақыт болған. Байқасаңыздар, техника да, материалдар да қолданылмай жай жатыр. Жұмысшылардың да құрылыс жайлы уайымдайтын мұршасы жоқ. Өйткені жалақысын қайтарып берер жауаптыны күтумен жүр.

    Құрылыс осыдан екі жыл бұрын басталыпты. Алғашқыда айлық уақытылы төленіп келген. Тек, былтыр жыл соңында кешіктіріле бастаған көрінеді. Әне-міне төлейміз деген уәде берілгелі сегіз ай өткен. Жұмысшылар еліміздің түкпір-түкпірінен келіпті. Әбден қарызданып, төзім таусылған соң наразылыққа шығып тұрмыз дейді. 

    “Жалғызбасты ана болғаннан кейін үкіметтен әйтеуір жәрдемақы аламын. Сонымен семьямды асырап келдім. 40 мың теңге аламын. 40 мыңмен қазір өмір сүру деген білмеймін. Лаж жоқ, сондықтан қарызданып болса да келіп отырмыз осы жерге зарплатамызды алайық деп”, – дейді аспаз Шайра Розметова.

    Дауға қалған жоба жетекшісі де осында жүр. Жалақы қайда деп өзі де даурыққан.

    Данияр Танышбек өзіне тиесілі 954 мың теңгесін даулап келген. Өздігінен бірнеше органға шағым түсірген екен. Бірақ нәтиже шамалы.

    “Нәтиже жоқ прокуратурадан! Не звондамайды да. Бір звондап өзім не қылған ем, “сенің неңді жоғалтып алғанбыз, қай жақта жатқанын білмейміз” дейді. Регистрационный нөмірі тұр, міне. Екі ай болды ешкім хабарласпайды. Еңбек инспекцияға мен өтініш жібергенмін электронды. Поштамда нөмірі, бар. Екі ай болды. Сапарбаевқа жазғанмын, нәтиже жоқ ол жақта”, – дейді құрылысшы Данияр Тынышбек. 

    “Кешке дейін күтеміз Егер келмесе, аштық жариялаймыз. Наразылық білдіреміз. Бізге жалақымызды төлегенше қарсы тұрамыз”, – дейді құрылысшы Асқар Жұмабеков. 

    Көпір салу жұмысын жүргізген компания кеңсесі Қапшағай жақта. Басшысы болса, Өскеменде іссапарда жүр. Жалақыны сегіз емес, ары кетсе екі ай кешіктірдік дейді. Мәселені екі күнде шешемін деп уәде берді.

    “Қаржы бөлу жағынан ешқандай түйткіл жоқ. Қыста маусымдық қиындықтар болды. Жекелеген учаскелердің басшылары табельді, тиісті құжаттарды толтырғанда қателік жіберген. Жалақының төленбеуі содан болып тұр. Алдағы екі күнде барлығын реттейміз”, – дейді “Мостоотряд №25” ЖШС директоры Тимур Накусов. 

    Айлап күткен жалақы бірер күнде түседі дегенге құрылысшылар күмәнмен қарайды. Құрғақ уәдеден шаршаған жандар ақша қолға тимейінше, көпір үстінен кетпейміз деп бекініп отыр.

    қатысты посттар

    “Халық жайдан-жай ашуға берілмейді“ Пәтерге екі рет кіріп “СОБР” таба алмаған педофилді халық өзі тапқан

    Фариза

    100 жылда бұлттар жойылады. Ғалымдар дабыл қағуда

    Шымкенттік сарбаздар Отан қорғаушылар күні толарсақтан саз кешуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nine + sixteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.