15 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Университеттің білдей факультет деканы ақшаны алып, тығылып жүр.

    Алаяқтық жасады деп айыпталған ЖОО деканы ұшты-күйлі жоғалып кетті деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі sputniknews.kz-ке сілтеме жасап.

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қашқын деканды екі күннің ішінде тауып беруге тапсырма берді.

    Nur Otan партиясында өткен қоғамдық қабылдау кезінде астаналық Гүлзина Мұсаева арызданды. Ол министрдің алдына келіп жайғасқанда, Тұрғымбаев қолындағы қағаздарына қарап отырып: “Ақтаев бойынша ма? Сонда мына ақшаны карточкамен төледіңіз бе?”, – деп сұрады. “Иә, карточкаға, университетке емес, өз атына төлеп отырдық”, – деді Мұсаева.

    Министр оның арызын біраз оқыды да, алдымен өз орынбасарынан, содан кейін бейнебайланыс арқылы Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің басшылығынан Ақтаевтың неге ұсталмай жатқанын сұрады.

    “Мұсаеваның арызы бойынша неге шара қабылдамайсыздар? Университеттің білдей факультет деканы ақшаны алып, тығылып жүр. Оны қалай ұстай алмай жүрсіздер? Осыны түсінбей отырмын”, – деді Тұрғымбаев.

    Департамент басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Үдергеновтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалды. Деканның мекенжайы бойынша тексергенде үйінде жоқ болып шығыпты. Ал ұялы телефоны Алматы облысында жүргенін көрсетіп тұр екен. Министр алаяқ деканды екі күн ішінде құрықтауды тапсырды.

    Екі күннің ішінде маған оны тауып беріңдер. Сіздерде барлық техникалық мүмкіндік бар. Ол құжатсыз жүрген киллер емес қой. Азаматтық тұлға, бұрын сотталмаған. Ресми жұмыс істейді. Ондай адамды табу қиын емес. Екі күн беремін. Табыңдар да, ақшаны кімге және қалай аударғанын анықтаңдар. Ол ақшаны иемденіп кетсе, алаяқтық бойынша іс қозғаңдар да, жазаға тартыңдар”, – деп Тұрғымбаев сөзін түйіндеді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында құрылыс нысандарының сапасына бақылау күшейді

    Фариза

    Сыр өңірінде «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 9 мыңнан астам тұрғын жұмысқа шақырылды

    Фариза

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті жұмысы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.