15 C
Алматы
Сәрсенбі, 24 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Министрлікке не істеу керек? ” Білім министрі сын көтермей тұрған оқулықтарға байланысты мәлімдеме жасады

    Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқулығынан қате тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    “Оқулықтардың сапасына қатысты мәселе жыл сайын көтеріледі. Қоғам тарапынан көп сұрақ қойылып, сын-ескертпе жиі айтылады. Шыны керек, проблема бар, қателер кездеседі. Біреулер қате басылып кетті дейді, енді біреулер техникалық ақаулық деп ақталады. Алайда халықты бұл себептер қызықтырмайды. Халыққа сапалы оқулық керек”, – деді Аймағамбетов астанада өткен жиында.

    Министр өзі де мектеп оқулықтарынан қате тапқанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, орыс әдебиеті оқулықтарында кейіпкерлердің біресе аты, біресе фамилиясы жазылады. Бұдан бөлек, ағылшын сөздері қазақ және орыс тілдеріне дұрыс аударылмайды.

    “Мен өзім әдейі бірнеше оқулықты алып қарадым. Шынымды айтсам, өзім де бірнеше қате таптым. Ол қателер қайдан шығып жатыр? Министрлікке не істеу керек? Бүгін осы жайында сөйлесеміз”, – деп атап көрсетті Аймағамбетов.

    Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде оқулықтардың 40 проценті мектептерге жеткізілді. 1 қыркүйекке дейін осы жұмысты толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысындағы мәдениет ұйымдарының үйірмелері жан-жақты жұмыс жасауда

    Фариза

    Қызылордада 255 ардагерге арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді

    Фариза

    Жаңақорған аудандық ауруханаға көмек көрсетілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.