15 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Назарбаев та Атамбаевтың күйін кеше ме?

    Әміржан Қосанов Қырғызстанда болып жатқан жағдайды ескере отырып, елімізде мұндай жағдайлардың алдын алу керектігін тілге тиек етті. Бұл туралы Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Adyrna.kz портлына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    “Алатаудың ар жағындағы екі қошқардың басы бір қазанға сыймай жатқанының себептері белгілі. Тоқсан ауыз себептің тобықтай түйіні – осы соғыстың негізінде билік пен байлық жатыр. Кез келген жүйеде осы екі құндылық бір-бірімен астарласып жататыны белгілі. Мойындау керек, демократиялық деген елдерге де бұл жат құбылыс емес”, – дейді Қосанов.

    Сондай-ақ ол осы оқиғаның өрбуіне қарап, көз алдына Қазақстанды елестетіп, бүгінде билікке таласқан кландар арасындағы тепе-теңдіктің формальды кепілі болып отырған Назарбаев өмірден өтсе, біздегі жағдай қандай болмақ деп алаңдаушылық білдіруде.

    “Бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталайын: бізде бір-біріне жұлдызы қарсы, бір-бірін атарға оқ таба алмай отырған, бес қаруы сай, яғни билікке қол жеткізуге қажет барлық инфрақұрылымы (капитал, меншік, мүлік, бизнес, банк, БАҚ, қоғамдық құрылымдар және адами ресурс) бес-алты клан бар. Әрқайсысы – «сен тұр, мен атайын»!Ертеңгі күні, жеме-жемге келгенде сол «атайын» дегендері нақты іске, атысқа ұласып кетуі әбден мүмкін! Тақ таласы жолында азуын Айға білеген олар, қажет болса, демократиялық ұрандарды көтеріп, саяси күрестің барлық мүмкіндіктеріне қарулы қарсыластық секілді әдіс-тәсілді қосуы ықтимал!”, – дейді ол.

    Сондай-ақ Қосанов аталған мәселелердің алдын алу үшін екі түрлі жолын ұсыныпты:

    Біріншіден, Қырғызстанда қолға алынғандай (Украина да сол жолға түсейін деп жатыр) президент, басқа да лауазымды тұлғалардың иммунитетін жою керек. Сонда ғана олар халық пен тарих алдындағы жауапкершілікті ұмытпайды, ақырын жүріп, анық басады. Ертеңгі күні жауапқа тартылатындай қылмысқа бармайды.

    Екіншіден, бір президент өзіне дейінгі президенттен өшін алып, жеке бас кегін қайтармауы үшін бізге тұлғалық емес, ұжымдық түрдегі кепілдік керек. Оның аты – көппартиялы әрі атқарушы билікке (президентке де!) тәуелді болмайтын Парламент! Атыс-шабыс емес, айтыс-тартыс сол парламенттің ішінде жұріп жатсын.

    қатысты посттар

    “Банктер біздің азаматтарымызды қаржылық құлдыққа итермелейді” – Владимир Божко

    “Олар “Бер, бер” дей береді…” – Министр көпбалалы аналар жайлы айтты

    “Ақшасы бар шетелдіктер xалқымызды да сатып алып, білгенін жасай бере ме…”

    Пікір қалдыру

    twenty + nineteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.