22 C
Алматы
Сенбі, 20 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    “Жұбайының өртенген денесін көмген әйел бұл істе шикілік бар деп санайды.” Шуда полиция мен тұрғындар арасында қақтығыс бола жаздады

    Шудағы шу 31 тамыз күні кешкілік басталды. Полицияның үш көлігі күдікті көлікті қуып жетіп, жүргізушісін сыртқа шығарып, қолын қайырып, кісен салған. Аяқасты аласапыран басталып кеткен соң айналадағы ел оқиға орнына жиналған.

    Скриншот/31 арна

    Халық пен тәртіп сақшылары арасындағы талас түнгі 12-ге дейін жалғасты. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

    Куәгерлер осыдай бір ай бұрын азаптап өлтірілген полиция майорының қайынағасын сақшылар еш себепсіз тоқтатып, жалған жала жауып жібермек болды деп отыр. Айтуыларынша, осы тектес оқиға бұрын да бірнеше рет болыпты. 

    “Жатарда кәлимаңды оқы, келесісі сен боласың деп жатыр. Димаш, Нұржан, олар бұрынғы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасында жүмыс істегендер”, – дейді тұрғын Жандар Молдыбеков.

    Ал, жұбайының өртенген денесін көмген келіншек бұл істе шикілік бар деп санайды. Оның айтуынша, жаназаға әріптестерінің бірі де келмепті.

    Рсми органдар тергеу ісінің құпиялығына байланысты нақты ақпарат бермеді. Тек полиция тарапынан халыққа қысым көрсетілген жоқ деді. 

    Өртенген полицейге қатысты іс тергеуде. Ал, тәртіп сақшыларына деген сенімі жоғалған тұрғындар бұл істе президенттен көмек сұрап отыр. 

    қатысты посттар

    Қазалыда 20 жылдан астам уақыттан бері жөндеу көрмеген мектеп күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    Алматыда Горький саябағында студенттер жатақханасы салынады

    Фариза

    Зейнетақы жинағын алу: елімізде жеткілікті деңгей екі есе көбейді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eighteen − ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.