21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • IT және Ғылым Аймақтар

    Цифрландыру: Қызмет сапасы артады

    Бүгінде еліміз бойынша қылмыстық істер мен құқық бұзушылықтар электронды форматта тіркеліп, тексеріле бастады. Сондай-ақ, «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» жүйесі әзірленіп, іске қосылған. Аталған жобалар Жамбыл облысында қалай жүзеге асырылуда? ҚР Бас Прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының мамандары баспасөз брифингін өткізіп, осы жөнінде кеңінен мәлімет берді. «Әкімшілік өндірістердің бірыңғай тізілімі» жүйесі – әкімшілік істерді электронды форматта жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша, мемлекеттік орган қызметкерлерінің уақыты мен күші үнемделмек. Сондай-ақ тұрғындар басы артық шаруалардан арылып, прокурорлар онлайн режимде қадағалай алады. Мәселен, 2019 жылдың сәуір айынан бастап барлық жерде жол полициясы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жазбаларды электронды түрде жүргізуде. Бұл әкімшілік айыппұлдарды өтеу тәртібіне де оң ықпалын тигізіп келеді, – дейді сала өкілдері. Сондай-ақ, Бас прокуратура қадағалауды күшейтіп, бизнесті заңсыз тексерулерден қорғау үшін «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» жүйесін де енгізіп отыр. Бұл жүйе мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың ашықтығын қамтамасыз етпек.
    Статистикалық мәліметтерге келетін болсақ, Жамбыл облысының аймағында 2018 жылы 75 488 электрондық әкімшілік іс, 2019 жылдың 6 айында 54 077 электрондық әкімшілік іс толтырылған. Және ТСОБР арқылы 2018 жылдың шілде айынан бастап 2019 жылдың 6 айы аралығында 8187 тексеру тағайындау туралы актілері тіркелген. Бұл жобаның тиімділігін құқық қорғау органдары оң бағасын беруде. Және көрсеткіштер де көңіл қуантарлық. 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығында 4,9 пайыз қылмыстық іс тергелсе, жыл соңына дейін ол 9,8 пайызға жетті. Ал қазір 34,7 пайызды құрап отыр. Электронды форматта тергеп-тексерудің рейтінгісі бойынша Жамбыл облысы өзге өңірлер арасында пайыздық көрсеткіші жағынан көш бастап тұр. Жалпы, бұл прокуратура органдары саласындағы сандық жүйеге өту процесін жеделдету бойынша алғашқы қадам емес. Соңғы бес жылда басталған процесс қазір өз жемісін беруде деп толық қанды айтуға болады. Мәселен: бұрын сотталғандығы жөніндегі анықтаманы кез келген адам жеті күн уақыт күтетін. Бұл жұмысқа құжат жинап жүрген жан үшін әлдеқайда жоғарғы көрсеткіш еді. Қазір оңтайландыру саясатының арқасында бұл екі-үш күнге қысқарды. Тіпті, оны ешқайда сандалмай-ақ бір жерден алсаңыз да болады. Сонымен қатар, қылмыстарды дер кезінде тіркеу үшін біріңғай республикалық база құрылды. Бұрын қылмысты қағаз жүзінде тіркеп, кейін өзгеріс жасауы мүмкін деп келінген орган өкілдері үшін цифрландырудың арқасында жұмысты жүйелеуге мүмкіндік туды. Тіпті, кейінгі жылдары прокуратура тарапынан қосылып жатқан түрлі мобильді қосымшалар да қазір өзінің тиімділігін дәлелдеп отыр. Бұл тұрғыда сала мамандары енді ақпараттандыру, цифрландыру саясаты тыңғылықты жалғаса беретіндігін айтыпт отыр. Өйткені, ол қысқа мерзімнің ішінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеп үлгерді. Ал, заман талабынан қалмай онымен қатар жүріп отыру дегеніміз бүгінгі күннің басты талабы болса керек.

    қатысты посттар

    Шымкентте 11 Канал қайта жаңғыртылады

    Фариза

    Бесқарағай ауданы мен Тассай ауылындағы мектептің оқушыларына виртуалды-интерактивті лабораториялық жұмыстар істелетін кешенді тарту етті

    ШЫМКЕНТ: «ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» МЕДАЛІ ТАБЫСТАЛДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 3 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.