21 C
Алматы
Бейсенбі, 28 Наурыз 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Президент Арыстағы жарылысқа байланысты жауаптыларға сөгіс жариялады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына сөгіс жариялады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

    Мемлекет басшысының Өкімімен өзіне жүктелген міндеттерді тиісті деңгейде орындамағаны және қару-жарақ пен оқ-дәрілердің қауіпсіздігін және сақталуын қамтамасыз ету жұмысындағы, Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді сақтау объектілерін көшіру және орналастыру бағдарламасын іске асыру кезіндегі елеулі кемшіліктері, соның салдарынан Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына және қалада адам шығынына ұшыратқан ауқымды апатқа жол бергені үшін:

    1. Қазақстан Республикасы қорғаныс министрі болып қызмет атқарған Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жүйесінен шығарылды.

    2. Келесі лауазымды қызметкерлерге:

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Мұрат Кәрібайұлы Бектановқа;

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып қызмет атқарған Мұрат Жәлелұлы Майкеевке;

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып қызмет атқарған Талғат Жеңісұлы Жанжүменовке қатаң сөгіс жарияланды.

    Сәкен Жасұзақов 2018 жылдың тамызынан бастап Ұлттық қорғаныс университетінің басшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйек – 2018 жылдың тамыз айлары аралығында қорғаныс министрі болды.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова сауда дүкендеріндегі азық-түлік бағалары мен санитарлық нормалардың сақталуын тексерді

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік нысандар жылу маусымына дайын

    Фариза

    Сабыржан Кеңшілік: Тәуелсіз Қазақстанның бағдаршамы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.