16 C
Алматы
Бейсенбі, 25 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат Саясат

    Білім министрлігі имамдарға қытай тілін үйренуді міндеттеді

    Түркияның білім белу министрлігі имам хатыбтарды дайындайтын медреселер мен кешкі діни мектептерде қытай тілі курсын енгізу туралы кенеттен шешім қабылдады. Бұл жайында Qazweek.kz ақпарат агенттігі Islam.kz сайтының дерегіне сүйеніп хабарлайды.

    Осы уақытқа дейін аталған елдегі діни білім беретін оқу орындарында, семинарияларда шет тілдерден ағылшын, араб, испан, орыс және неміс тілдері курсы өтіп келген болатын. Қытай тілін оқыту алдымен Стамбұл шаһарындағы Күшікшекмеже ауданында орын тепкен имам-хатыбтар дайындайтын мектепте қолға алынады. Дәлірегі, осы жылдың қыркүйек айынан бастап, аталмыш діни білім ордасында болашақ имамдар қытай тілін Конфуция институтының жәрдемімен үйренетін болады. Түркияның білім беру министрлігі имам-хатыб мектебінің студенттері кем дегенде 900 сөзден тұратын қытай тілі сөздігімен жарақтандырылады. Бұл жайында түріктердің Daily Sabah ақпарат көзі хабар таратты. Бұдан бөлек, діни семинарияларда қытай мәдениетін дәріптейтін, насихаттайтын қытай мәдениеті күндері өтіп тұрады. Түркия билігі діни семинарияларда қытай тілін қандай мақсатта енгізіп жатқанын ашып айтпады. 

    қатысты посттар

    “Табыс көлемі азайды…” – Тоқаев елдегі проблемаларды атады

    “Коронавирус жайыла бастаған кезде не бітіріп жүрдіңіздер?” – Қытай елшісі

    “Жоғарғы билікте саяси тартыс басталды” Айсұлтанның мәлімдемесі Назарбаев дәуірінің аяқталғанын көрсетеді – Жанболат Мамай

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.