5 C
Алматы
Бейсенбі, 18 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Өңірді өркендету – ортақ міндет

    Биыл атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардың балалары үшін республика бойынша 5000 грант бөлінді. Оның 460-ы Жамбыл облысына тиесілі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сұлушаш Құрманбекова өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Жамбыл облысының идеологиялық бағыттағы жұмыстары тыңғылықты. Мәселен, Жастар жылына орай 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында республикалық қазынадан 166 млн теңге бөлініп, 329 жасқа қайтарымсыз грант берілді. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлерді қолдау мақсатында, бизнестің жол картасы бойынша 324 млн теңге қаржы бөлініп, бизнес жобаларды іске асыруға жұмсалды. Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының орындалу барысы да республикалық көрсеткіште нәтижелі орында. Жастар мәселесі бойынша келісім шарт жасалып, 7 меже белгіленген. Оның басым бағыттарының бірі жастарды жұмысқа тарту. Аталған іс-шаралар аясында өткен жылмен салысытырғанда биыл жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Жыл соңына дейін 11 мың жасты жұмыспен қамту көзделген. Есепті кезеңде 6758 жас жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылып, меже орындалды. Олардың 2604-і ваканттық бос жұмыс орындарына орналасса, 977-сі қысқа мерзімді кәсіби оқытуға, 1624 түлек жастар тәжірибесіне, 271-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 775-і ақылы қоғамдық жұмыстарға жолданды. Ал, 437 жас «Бизнес-бастау» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданып, 50-і шағын несие алды, 20 жас қайтарымсыз грант алды.
    Атқарылған жұмыстар нәтижесінде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2,4% құрады. Мұнан өзге баспасөз алаңында облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Облыстың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында Шахристан кешенінде облыстық тарихи-өлкетану музейі, көрме павильоны, амфитеатр, қолөнер шеберлерінің галереясы, «Руханият» орталығының жаңа ғимараты, көркемдік-бейнелеу өнері галереясының ашылуы жоспарлануда. Сондай-ақ, өңірдің тарихы мен мәдениеті, табиғаты, біртуар перзенттері мен ақын-жыршы, батырларының есімдерін ұрпақ жадында жаңғырту мақсатында «Тараз мұралары» сериясымен көптомдықтар шығару жоспарланған. Бүгінгі күні кітапты шығару 2 бағытта іске асырылып, тарихи-танымдылық ғылыми-зерттеу бағыты бойынша 15 том, шығармашылық бағыты бойынша 35 томдық материалдар жинақталды. Сондай-ақ, облысымыздан шыққан өнер жұлдыздарының концерті, «Өркениеттер тоғысындағы Тараз» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарланып отыр.

    қатысты посттар

    Шымкент: Қала әкімі жергілікті кәсіпкерлермен кездесті

    Фариза

    Таразда тозығы жеткен екі мектеп қайта жаңғырды

    Фариза

    Жамбыл облысында жерасты суларын тиімді пайдалану ісі қолға алынуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.